11.03.2013
Қостанай облысында индустриялық аумақ құрылады

Қостанай облысында индустриялық аумақ құрылады

BNews.kz

Бұл туралы бейсенбіде өткен аппарат мәжілісі барысында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мұрат Дәрібаев мәлім етті.

«2012 жылы Қостанай облысында инвестция көлемі 161,4 млрд теңгені құрады, ол 2011 жылмен салыстырғанда 7,1%-ға артық. Алайда жалпыреспубликалық көлемде аймақтың инвестициялық үлесі бар-жоғы 3%-ды құрайды, сол себепті оларды экономиканың нақты салаларына тарту басым бағыттардың бірі болып табылады», - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, аталған мәселені шешу үшін индустриялық аумақтардың құрылысын қолға алу керек.

«Индустриялық аумақ құрылысы – ұзақмерзімді үдеріс және нормативтік негізде бекітілмеген. Бұл жұмысты күрделендіре түсуде. Қостанайда индустриялық аумақ құру үшін дизель зауыты маңында шамамен 400 га жер телімі тағайындалып қойды, индустриялық аумақ құру тұжырымдамасы жасалып, оның салалық бағыты айқындалды», - деп әңгімелеп берді М.Дәрібаева.

Сондай-ақ, оның айтып өткеніндей, индустриялық аумақ құру мақсатында 2013 жылдың ақпан айында 31,5 млн теңге бөлінген.

«Жұмысты маусым айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Одан әрі жобалық-сметалық құжаттамасын әзірленіп, 2014 жылы инженерлік коммуникацияларды төсеу жұмыстарын бастау көзделіп отыр. Осыған ұқсас индустриялық аумақты Рудный қаласында да құру жоспарда бар», - деді М.Дәрібаева.