04.03.2013
Қарағандыда Индустрияландыру картасына конвейер таспаларының шығыршығын өндіру жобасы енгізіледі

Қарағандыда Индустрияландыру картасына конвейер таспаларының шығыршығын өндіру жобасы енгізіледі

Бұл туралы BNews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағандыда үдемелі индустриалдық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Онда Индустрияландыру картасына енгізуге ұсынылған инвестициялық жобалар қаралды.

Үйлестіруші кеңестің отырысында Сәтбаев қаласынан келген Гелисханова деген жеке кәсіпкер конвейер таспаларының шығыршығын өндіру жобасын ұсынды. Оның айтуынша, шығыршықты тіректер көптеген кәсіпорындар үшін, әсіресе конвейер желісін пайдаланатын тау-кен кәсіпорындары үшін үлкен маңызға ие қосалқы бөлшек болып табылады. Оның өзіндік себебі де жоқ емес. Бүгінгі күні қолданыстағы шығыршықты тіректер істен шыққан кезде конвейер таспаларын жыртып жібереді. Ал, «ИП Гелисханова Л.М.» ойлап тапқан шығыршық мұндай жағдайда таспаны аман сақтап қалуға, сөйтіп құралдың тиісті нормативтік мерзімін толық өтеп шығуына мүмкіндік береді.

Жобаның жалпы құны 155 млн. теңге, жобалық қуаттылығы – жылына 10 мың бірлік. Бүгінгі күні «Қазақмыс» корпорациясының «Жезқазғантүстімет» ӨБ ұзақ мерзімді келісім жасалды.

Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімі мақұлданған жобалар тізімі бойынша тиісті құжаттарды ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне Индустриаландыру картасына енгізу мәселесін қарастыруды тапсырды.