01.03.2013
Қоңырат кеніші жаңартылған ӘТК мен «Пит-Стоп» жүйесі бойынша техникалық қызмет көрсету станциясына ие болды

Қоңырат кеніші жаңартылған ӘТК мен «Пит-Стоп» жүйесі бойынша техникалық қызмет көрсету станциясына ие болды

 

Балқаш қаласында 540 орынға есептелген жаңартылған әкімшілік тұрмыстық кешені ғимаратының және де тау-кен техникасын профилактикалық тұрғыдан байқап, жедел қызмет көрсетуге арналған ПИТ СТОП №2 - бекетінің ғимаратының салтанатты түрде ашылуы болды. Қазақмыс Тобының орта және шағын жобаларын дамыту жөніндегі инвестициялық бағдарламаның аясында 2012 жылдың тамыз айында басталған нысандарды капиталдық жөндеу және қайта құру жұмыстарына жалпы алғанда 272 млн теңге бөлінген.

2012 жылы Қазақмыс Тобы, өз қызметін 2008 жылы тоқтатқан еліміздің ең көне мыс кеніштерінің бірі саналатын «Қоңырат» кенішіндегі тау-кен жұмыстарын қайта жандандырды. Аталмыш кен орны шамамен 9 жылдай пайдаланылады деп пайымдалып отыр. Кен көлемі 99 млн тоннадан аспақ, ал өндіріліп шығарылатын кен 57 млн тонна шамасында болмақ.

Кен орнында қолданылатын жаңа тау-кен техникасы мен қосалқы жабдықтарға компания 1 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсады. Кеніштің автопаркі экскаваторлар, жүк көтергіштігі 130 тонналық БелАЗ автосамосвалдары, бульдозерлер мен автогрейдерлер секілді тау-кен техникасының 17 бірлігімен жарақталды. Қосалқы жұмыстар үшін отынмен жабдықтағыш техника, вахталық автобустар, шағын жүк көтергіш автосамосвалдар, топырақ шашыратқыштар және операциялық қызметкерлер құрамын тасымалдауға арналған жеңіл автокөліктер сатып алынды.

«Жаңартылған ӘТК ғимараты қызметкерлеріміздің оң бағасын алады деп үміттенеміз, ал қайта құрылған пит-стоп кеніштің жаңа техникасы мен жабдықтарына қызмет көрсетуге даяр. Қоңыраттың қайта іске қосылғандығына өзіміз де қуаныштымыз. Енді ол жұмысы қайта жанданған қарапайым кеніш емес, жоғарғы санаттағы жаңа кеніш болып табылады», - деді Қазақмыс Тобының операциялық Бас директоры Сергей Дяченко.

Қазақмыс - мыс, алтын, мырыш, күміс, электр энергиясын өндіруде елеулі активтері бар, табиғи ресурстарды өндіру және өңдеумен айналысатын халықаралық жетекші топ болып табылады.

Қазақмыс - Қазақстандағы ең ірі мыс өндіруші әрі 16 кенішке, 10 тау-кен фабрикаларына және екі мыс балқытушы өндірістік кешенге ие болып отырған әлемдегі алыңғы қатарлы мыс өндіруші болып табылады. Тау-кен өндірісі кен өндіруден бастап мыс катанкасын және катодты мыс түріндегі дайын өнім шығаруға дейін толықтай интеграцияланған. 2012 жылы меншікті кеннен 292 мың тонна катодты теңгерімдегі мыс өндірілді. Бұл өндіріс электр энергиясының ішкі тасымалдарымен және ауқымды теміржол инфрақұрылымымен қамтамасыз етіліп тұрады.

Kazakhmys Mining бөлімшесі басқа да металлдардың ауқымды көлемін, соның ішінде мырыш, күміс және алтын өндіріп отыр. 2012 жылы Қазақмыс 152 мың тонна мырыш концентратын өндірді. Топ әлемдегі ең ірі деген он күміс өндірушінің бірі боп табылады - 2012 жылы 12,6 млн. унция күміс өндірді.

Kazakhmys Power Қазақстандағы ең ірі электр станцияларының бірі болып табылатын Екібастұз ГРЭС-1 көмір электр станциясының  50 пайыздық үлесіне ие. Электр станциясында өндірістік қуаттылығын 3 000 МВт-тан 4 000 МВт-тық өз жобалық қуаттылығына жеткізуге мүмкіндік беретін модернизациялау бағдарламасы қолға алынған. Kazakhmys Power бөлімшесінде Kazakhmys Mining бөлімшесін электр энергиясымен қамтамасыз етіп отыратын электр станциялары мен қосалқы көмір кеніштері бар.

Қазақмыс Тобы Лондон қор биржасында және Гонконг қор биржасында айналымға қабілетті FTSE-100 компаниялар тізіміне кіреді; сондай-ақ құнды қағаздары Қазақстан қор биржасында (KASE) да саудаланып келеді. 2011 жылы Топтың ағымдағы қызметінен келген табысы 3,6 млрд. АҚШ долларын, ал операциялық қызметтен келген табысы 1,2 млрд. АҚШ долларын құрады. Топта шамамен 60 000 адам жұмыс істейді, басым көпшілігі қазақстандық азаматтар. Қазақмыстың стратегиялық мақсаты – өндірістік активтерді оңтайландыру, өндірісті ұлғайту жөніндегі жобаларды іске асыру және де Орталық Азиядағы ауқымды табиғи ресурстарды игеру мүмкіншіліктерін кеңейтуге қатысу.

kazakhmys_abk2.JPG