20.02.2013
Елімізде алтын өндіру ұлғаймақ

Елімізде алтын өндіру ұлғаймақ

 

Хабар

Қазақстандық «Верный капитал» инвестициялық компаниясы елдегі алтын кен орындарын сатып алу жөніндегі келісімге келді. Бұл туралы бүгін компанияның Директорлар кеңесі төрағасы Тимур Исатаев мәлімдеді.

Компания басшыларының хабарлауынша, Ақмола облысының маңындағы Райгородок және Қостанай облысында орналасқан «Комаровское» алтынды кен орындарына иелік ететін «Орион Минералс» компаниясын «Қазцинк» ЖШС бірлесе отырып сатып алған. Келісім соммасы - 30 млрд теңге. Кен орынның жиынтық қоры - шашамен 70 тонна деп бағаланып отыр. Дегенмен алдағы уақытта геологиялық барлау жүргізгеннен кейін жаңа кен орындарының табылу мүмкіндігі мол.

Ерлан ОСПАНОВ, «ВЕРНЫЙ» КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:
-Мұндай тиімді келіссөз арқылы біз - кен орындарын дамытуды көздеп отырмыз. Сондай-ақ «Казцинк» компаниясын серіктестікке тарта отырып, оның дамуына да ықпал етуге әсер еткіміз келеді. Мұның бәрі де, елдегі алтын өндірудің қуат қорын ұлғайтуға бағытталып отыр.