20.02.2013
Казцинк пен Верный капитал 30 млрд теңгеге алтын өндіретін Орион Минералсты сатып алуда

Казцинк пен Верный капитал 30 млрд теңгеге алтын өндіретін Орион Минералсты сатып алуда

 

Қазақстан жаңалықтары АА

«Верный Капитал» инвестициялық компаниясы Ақмола облысының маңында орналасқан «Райгородок» және Қостанай облысындағы «Комаровское» алтын кеніштеріне иелік ететін "Орион Минералс" компаниясын "Казцинк" ЖШС-мен бірлесе отырып сатып алды, деп хабарлайды «Верный Капитал» АҚ.

Компанияның сейсенбіде таратқан хабарламасына сәйкес, келісімшарттың жалпы сомасы 30 млиллиард теңгені долларын құрады. Серіктестер арасындағы үлес былайша таратылды: "Верный Капитал" - 10,5%, "Казцинк" ЖШС - 89,5%. Келісім "Орион Минералс" ЖШС меншік иесі - CAMMEX  компаниясымен жасалды.

«Екі кен орнының жиынтық қорлары шамамен 70 тоннаны құрайды деген болжам бар. Алдағы уақытта қосымша геологиялық барлау жұмыстарын жүргізгеннен кейін жаңа қор орындары табылуы әбден мүмкін. Жаңа меншік иелері кен орындарының бұдан былайғы өнеркәсіптік дамуына бағытталған инвестициялық бағдарламаны жүзеге асырмақ», - дейді "Верный Капитал" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Тимур Исатаев.

Айта кетейік, "Верный Капитал" инвестициялық компаниясы 2006 жылы құрылған, тікелей инвестициялар қорларының мүддесі үшін инвестициялық жобаларды жүзеге асырады. "Верный" компаниялар тобының құрамына кіреді. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде, телекоммуникация саласында, қаржылық қызмет көрсету саласында, бұқаралық ақпарат құралдарында, инфрақұрылымдық жобаларда және жылжымайтын мүлік саласында инвестициялық жобаларды табысты басқаруда үлкен тәжірибесі бар.

Комаровское кен орны Қостанай облысының Жітіқара ауданында орналасқан. Пайдалануға дайын қорлар мөлшері  40  тонна алтынды құрайды. Новоднепр алаңы (Райгородок кен орны) Ақмола облысының Щучинск ауданында орналасқан. Пайдалануға дайын қорлар мөлшері 30 тонна алтынды құрайды.