19.02.2013
Қазақстан Жапониямен бірлесіп бірқатар инвестициялық жобаларды іске қоспақ

Қазақстан Жапониямен бірлесіп бірқатар инвестициялық жобаларды іске қоспақ

 

BNews.kz

Қазақстан Жапониямен бірлесіп бірқатар инвестициялық жобаларды іске қосады, деп хабарлайды «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ баспасөз қызметі.

Бүгін Жапония астанасы Токиода экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан мен Жапонияның үкіметтік және жеке секторлары Бірлескен комиссиясының 4-ші отырысы аясында ҚР ИЖТМ «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі ұйымдастырған бір күндік роуд-шоу өтті.

Қазақстандық делегацияны Премьер-министрдің орынбасары, индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә. Исекешев бастап барды. Шараға Бірлескен екіжақты комиссияның жапондық тарапынан тең төрағасы болып табылатын, Жапонияның экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігінің халықаралық істер бойынша вице-министрі Н. Сасаки қатысты.

Отырыстың қатысушылары жапондық-қазақстандық экономикалық карым-қатынастарды дамыту үшін басым тапсырмалар мен маңызды салаларды талқылады. Атап айтқанда, ресурстарды өңдеу саласындағы ықтимал ынтымақтастық туралы мәселе көтерілді: сөз уранды, сирек кездесетін және сирек металдарды, темірді және түсті металдарды алу және өңдеу, мұнай-газ кен орындарын өңдеу туралы болып отыр. Тараптар инновациялық технологиялар мен өнеркәсіп, соның ішінде бұл саладағы инфрақұрылым туралы — АТ және коммуникациялар, машина жасау, космосты игеру, медицина, биотехнология, ITS және басқалары туралы да айтты. Бұдан басқа, отырыстың секцияларының бірі экология және қуат саласында ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктеріне арналды.

Іскерлік шарасы 9 екіжақты құжаттарға қол қоюмен аяқталды. Жамбыл облысының әкімдігі COKEY SYSTEMS CO. Ltd (Жапония) компаниясымен аймақта мия тамырының тереңдетілген өңдеуін және жоғары қосымша құны бар өнім өндірісін ұйымдастыру бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, бұл, тараптармен келісілген көлемді есептемегенде, мияны экспортқа шикізат түрінде шығармауға мүмкіндік береді. Қазақстандық «KSP Steel» ЖШС компаниясы жапондық серіктестерімен отандық мұнай-газ саласын дамыту бойынша бірлескен жұмыстар туралы, сондай-ақ болат өнімдерінің халықаралық нарыққа экспортын ұлғайтуда қолдау туралы келісті.

«Көктенкөл вольфрам-молибден жобасын» дамыту бойынша «DALA MINING» ЖШС мен «ITOCHU Corporation» арасындағы келісім Қарағанды облысында орналасқан Көктенкөл вольфрам-молибден рудаларының кен орнын шығару және өңдеу жобасын бірлесіп әзірлеуді қарастырады. Ұлттық ядролық орталық Атом қуаты бойынша жапондық агенттікпен (JAEA) және Жапондық атомдық-энергетикалық компаниямен (JAPC) кадрларды даярлау, ТЭН әзірлеуге қатысу, АЭС салуда және іске қосуда ынтымақтастық және басқалары сияқты отандық атом энергетикасы дамуының мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды.

KAZNEX INVEST агенттігі екі құжатқа — қуаты жылына 120 тонна молибден ұнтақтар мен плиталар өндірісі бойынша қолдау көрсету туралы «CHIYODA CONSULTING CO., LTD» компаниясымен, сондай-ақ, энергетикалық жобалар бойынша Sumitomo Corporation компаниясымен меморандумға қол қойды.

Қазақстан мен Жапония арасындағы 2008-2012 жылдардағы тауар айналымы 7 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде импорт — 3,4 млрд. АҚШ доллары, экспорт — 3,5 млрд. АҚШ доллары. Жапонияның тікелей инвестициялары соңғы 19 жылда 4,4 млрд. АҚШ доллары көлеміне жетті. 2,6 млрд. АҚШ долларына 45 жапондық жоба даярлау барысында. Ынтымақтастық жылдарында 70-тен астам бірлескен кәсіпорындар құрылды.