19.02.2013
2013 жылдың қаңтарында СҚО-да 10 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімдері шығарылды

2013 жылдың қаңтарында СҚО-да 10 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімдері шығарылды

BNews.kz

2013 жылдың қаңтарында Солтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп кәсіпорындары 10 млрд теңгеден астам сомаға өнеркәсіп өнімдерін шығарды.

«2013 жылдың қаңтарында облыстық өнеркәсіп кәсіпорындары 10,1 млрд теңге сомасына өнімдер шығарды», - деп хабарлады статистика департаментінің бастығы Ольга Перепечина.

Өнеркәсіп өндірісі құрылымының 63,6% құрайтын өңдеу өнеркәсібі саласында 6,4 млрд теңгеге өнім шығарылды.

Сүт өнімдерінің өндірісі 2012 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 1,6 есеге өсті.

Машина жасау саласында 1,3 млрд теңге сомасына өнім жасалды», - деп атап өтті ведомство бастығы.