17.02.2013
«АрселорМиттал Теміртау» қызметкерлерінің жалақысы 3 пайызға өсті

«АрселорМиттал Теміртау» қызметкерлерінің жалақысы 3 пайызға өсті

 

ҚазАқпарат

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ қызметкерлерінің жалақысы 3 пайызға көтерілді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да жалақыны кезекті өсіру өткізілді. Ұжымдық келісімшартқа сәйкес, 2013 жылдың қаңтар айынан бастап компания қызметкерлерінің тарифтік мөлшерлемелері мен еңбекақылары 3 пайызға көтерілді», - делінген компанияның ресми хабарламасында.

«Жалақыны көтеру арқылы компания ұжымдық келісімшарттың ережелерін орындады. Онымен бірге біз өзімізге және кәсіподақтарға жалақыны еңбек өнімділігінің өсуімен бірге көбейтуді ұштастырып, индекстеу механизмдерін жетілдіру мүмкіндігін зерттеу керек деп ойлаймыз. Бұл компанияның бәсекеге қабілеттілігін сақтауға және оның барша қызметкерлерінің бүгінгі және болашақтағы жағдайын жақсартуға мүмкіндік туғызады», - деп есептейді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның өндіріс бойынша бас директорының орынбасары Анджей Выпих.

Компанияның ақпаратынша, 2012 жылдың қорытындылары бойынша «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ғы орташа айлық төлем болат департаментінде - 129 178 теңгені, көмер департаментінде - 155 737 теңгені, «Өркен» ЖШС-інде 103 691 теңгені құрады. Салыстыратын болсақ, ҚР-да 2012 жылы орташа айлық жалақы 101 079 теңге, Қарағанды облысында - 92 345 теңге деңгейінде болған еді.