16.02.2013
Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінің инвестициялық жобалары Қостанай облысының дамуына елеулі үлес қосуда - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінің инвестициялық жобалары Қостанай облысының дамуына елеулі үлес қосуда - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

 

ҚазАқпарат

Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерғали Егемберді Қостанай облысындағы жұмыс сапарының барысында ENRC құрамына кіретін Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігіне (ССКБӨБ) барды.

Ол алғашқы өнім өндіруі 1956 жылы басталған ірі кен орны - Сарыбай карьеріне барды. Бүгінде оның тереңдігі 540 метрді (жобалық тереңдігі - 620 метр) құрайды.

ССКБӨБ-нің қажеттіліктерін қамтамасыз ететін кадрларды даярлау  орталығында вице-министр оқу сыныптарын қарап шықты. Қонаққа тартылыс агрегаттарының, гидравликалық экскаватор, көлік грейдерінің машинистерін, жүргізушілерді, электр дәнекерлеушілерді даярлау қалай өтетінін көрсетті. Бұл мамандықтардың барлығы компьютерлік жаттығу құрылғыларының көмегімен оқытылады.

«ССКБӨБ» АҚ-ның президенті Мұхамеджан Тұрдахынов бірлестікте жаңа өндірістер мен жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жұмыстар жалғастырылып, аса ауқымды инвестициялық жобалар іске асырылып жатқанын атап өтті.

Вице-министр Ерғали Егемберді бірлестіктің қызметіне жоғары баға берді. Еңбек ұжымының өкілдерімен өткен кездесуде ол ССКБӨБ-нің инвестициялық жобалары мен әлеуметтік бастамалары Қостанай облысының дамуына айтарлықтай үлес қосып отырғанын атап өтті.