13.02.2013
Қазақстанда өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 2013 жылғы қаңтарда 100,7% құрады

Қазақстанда өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 2013 жылғы қаңтарда 100,7% құрады

Қазақстан жаңалықтары АА

Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 2013 жылғы қаңтарда 100,7% құрады деп хабарлайды статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.

2013 жылғы қаңтарда 2012 жылғы қаңтармен салыстырғанда көмір, шикі мұнай, табиғи газ және түсті металдар кендерін өндіру артты.

Сусындардың, жеңіл өнеркәсібінің, машина жасау және құрылыс материалдарының өндірісі жоғарылады. Өндірістің өсуі республиканың 11 өңірінде байқалды. Төмендеу Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді.