08.02.2013
Қазақмыс отандық тауар өндірушілерден сатып алу үлесін 157 млрд теңгеге дейін көбейтті

Қазақмыс отандық тауар өндірушілерден сатып алу үлесін 157 млрд теңгеге дейін көбейтті

2012 жылдың 12 айы ішінде «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындап, қызметтер көрсетуге 252 млрд.теңге жұмсады. Соның ішінде тауарлар сатып алуға 134 млрд.теңге, жұмыстар орындап, қызметтер көрсетуге 118 млрд.теңге бөлінген. 2011 жылдың сондай кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда, корпорацияның жалпы сатып алулары 57 млрд теңгеге немесе 29 пайызға өскен. Қазақстандық үлес жалпы сатып алу көлемінің 62 пайызын құрады. Бұл ретте, жұмыстар мен қызметтер санатындағы қазақстандық үлестің көлемі 99 пайыздан асқан. Қазақстандық кәсіпорындардан (СТ-КZ сертификатымен) сатып алу 157 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 44 млрд. теңгеге артық. Резидент емес тұлғалардан сатып алу жалпы көлемнің 15 пайызын құрады.

2012 жылы шағын кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру жөніндегі жұмыс, ірі өнеркәсіп кәсіпорындарымен, орта және шағын кәсіпорындармен арадағы ынтымақтастық, сондай-ақ моноқалалардағы кәсіпкерлікті дамыту ісі жалғасын тапты.

Қазақмыстың бастамасымен Балқаш пен Жезқазған қалаларында Кәсіпкерлер мен өнеркәсіпшілердің Одағы және Қауымдастығы құрылды. 2012 жылдың өзінде-ақ аталмыш бірлестіктердің өкілдерімен жалпы сомасы 5 млрд.теңгеден асатын 400 келісімшарт жасалған. Қазіргі уақытта қауымдастықтардың 116 мүшесі бар, оның ішінде бес мыңға жуық жұмыскерлер еңбек ететін 44 өндірістік компания тіркелген.

Корпорация жезқазғандық «Баян Компаниясы» ЖШС-не қаржылық қолдау көрсетті. 70 млн.теңге мөлшеріндегі қаржылық көмекке табиғи шырындар мен сусындар өндіріп шығаратын жаңа жабдықтар сатып алынған. Осының арқасында компания өз тауарларының ассортиментін 2-ден 10-ға дейін жеткізді. Айналымдағы қаржылық қоры 40 пайызға өсіп, 12 жаңа жұмыс орны ашылды.

Қазақмыс «Гелисханова» ЖК-не Жезқазған қаласындағы құю-механикалық зауытында конвейерлік роликтерді шығаруға аутсорсинг шартымен цех ұсынды және жаңа станоктар сатып алуға 30 млн.теңге мөлшерінде қаржылық қолдау көрсетті. 2012 жылы Қазақмыс корпорациясы мен «Гелисханова» ЖК арасында жасасқан ұзақмерзімді шарттың сомасы 200 млн.теңгеден артты. Бұл тапсырысты мерзімінде орындау үшін цехта 30-дан астам жаңа жұмыс орны ашылды. «Қазақмыс» корпорациясы Жезқазған қаласындағы «Ютария»

ЖШС-не корпорацияға арнап араулы киім-кешек тігу үшін және оларға қызмет көрсету үшін аутсорсинг шартымен тігін цехын ұсынды. «Қазақмыс» корпорациясымен әріптестік қарым-қатынас басталғалы бері «Ютария» ЖШС қызметкерлерінің саны 185-тен 380-ге дейін жетті, ал компанияның қаржы айналымы соңғы үш жылда 700 пайызға өскен. Өткен жылы корпорация тігін компаниясынан 1,2 млрд. теңгеден астам сомаға арнаулы киім-кешек сатып алды.

«Біз мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасын орындап келеміз және де еліміздің алдындағы жауапкершікті сезінеміз. Біздің компания ұлттық өндірушілерді, еліміздегі орта және шағын бизнесті қолдау жолын әлдеқашан таңдаған болатын. Осылай біз жаңа жұмыс орындарын құрып, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында отандық өндірушілердің тауарларын, қызметтерін сатып алу көлемін жылдан-жылға өсіріп келеміз. Түрлі аймақтан әр-алуан профильдегі кәсіпкерлерді қамтитын отандық өндірушілердің «Қазақстандық өнім жасаймыз» атты жыл сайынғы форумын өткізу біздің жақсы бір дәстүрімізге айналды. Отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған кезекті,төртінші форумды алдағы көктемде Астана қаласында өткізуді жоспарлап отырмыз»,- деп атап өтті «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Эдуард Огай.