06.02.2013
Омбудсмен Теміртауда металлургиялық комбинат жұмыскерлерімен кездесті

Омбудсмен Теміртауда металлургиялық комбинат жұмыскерлерімен кездесті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында көрсетілген мақсат, міндеттерді жүзеге асыру үшін арнайы жұмыс тобы құрылған болатын

Хабар Агенттігінің

Бүгін аталған топтың алғашқы көшпелі мәжілісі Теміртау шаһарында өтті.Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров бастаған жұмыс тобы металлургиялық комбинатта болып, жұмыскерлермен кездесті. Оның құрамында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, прокуратураның, «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының өкілдері және ғалымдар бар. Елбасы Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясында қарапайым еңбек адамының беделін көтеруді мақсат етеді. Шаруалардың тынымсыз тірлігін жастарға үлгі ете отырып, оларды еңбекке баулуды көздейді. Бұл жұмыстар 16 мың адам еңбек ететін металлургиялық комбинатта да жолға қойылуы тиіс,-деді уәкіл. Сондай-ақ жұмыс тобы еңбек заңының бұзылмауын, жұмыскерлердің әлеуметтік тұрғыдан қорғалуын қадағаламақ.

Асқар ШӘКІРОВ, ҚР АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ:

-Жұмыс тобының міндеті еңбек және әлеуметтік салада мониторинг жүргізу, сонымен бірге болған қиыншылықтарды ескертуге бағытталған. Бүгін бірнеше өндіріс орындарын аралап шығып, жұмыскерлермен әңгімелестік. Компания басшыларымен менің ойымша өте пайдалы пікіралмасу өтті. Қажетті ұсыныстар айтылды, өте маңызды проблемалар