01.02.2013
Қазақмыс тобы 2012 жылдың қорытындыcы бойынша тұрақты өндірістік нәтижелерін көрсетіп отыр

Қазақмыс тобы 2012 жылдың қорытындыcы бойынша тұрақты өндірістік нәтижелерін көрсетіп отыр

2012 жылдың 12 айындағы және 4-ші тоқсанындағы өндірістік есебінің нәтижелері бойынша Қазақмыс Тобының барлық бөлімшелері тұрақты көрсеткіштерге қол жеткізді.

Катодты мыстың жалпы жылдық өндіріс көлемі 294 мың тоннаны, ал меншікті концентраттан өндірілген мыстың көлемі 292 мың тоннаны құрап отыр. Бұл көрсеткіштер 2012 жылдың өндірістік жоспарына сай келеді. Ілеспелі өнімдер өндірісі де компания болжаған деңгейге жетті. Сөйтіп, концентраттағы мырыш өндірісі 152 мың тоннаны, ал алтынның жалпы өндірілген көлемі 129 мың унцияны құрады. 12, 643 млн. унция күміс өндірілді. Күміс өндіру көлемінің жоспарлы көрсеткіштен асып түсуіне кен құрамында бағалы металл мөлшерінің жоғары болуы себеп.

2012 ж-ң 12 айында

2011 ж-ң. 12 айында

2012 ж-ң

4 тоқс

2012 ж-ң

3 тоқс

2011 ж

4 тоқс

Өндіріліп шығарылған руда

мың т.

37 507

33 432

9 608

10 413

8 429

Құрамындағы мыстың орташа көрсеткіші

%

0,95

1,01

0,96

0,90

1,01

Концентраттағы мыс

мың т

306,1

304,9

78,8

78,9

73,7

Меншікті концентрат

мың т

303,7

302,7

78,3

78,5

72,8

сатылып алынған  концентрат

мың т

2,4

2,2

0,5

0,4

0,9

Катодты теңгерімдегі мыс өндірісі 1

мың т

294,4

300,5

79,4

78,9

73,5

меншікті концентраттан

мың т

292,2

298,5

79,1

78,5

71,6

сатылып алынған концентраттан

мың т

2,2

2,0

0,3

0,4

1,9

Мыс катанкасы

мың т

23,9

32,0

9,1

5,6

8,0

1Концентрат күйінде өткізілген мыс пен мыс катанкасы ретінде өңделген катодты мысты қоса санағанда.

Kazakhmys Power бөлімшесі өндірістік қызметте өте жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Ұдайы артып келе жатқан сұраныстың және де қуаттылықты көбейтудің арқасында Екібастұздың ГРЭС-1 станциясында электр энергиясының нақты өндірілімі 13 пайызға жоғарылады. 2012 жылдың

4-ші тоқсанында алтыншы энергоблок іске қосылды. Сөйтіп, электрстанциясының қуаты 20 пайызға артты, яғни 3 000 МВт-қа дейін жетті.

Қазақмыс Тобының Басқарушы бас директоры Олег Новачук өз сөзінде былай деді: «Біздің компаниямыз бесінші жыл қатарынан жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Мен барлық әріптестеріме сапалы еңбектері үшін әрі жоғарғы көрсеткіштері үшін алғыс айтамын. Үстіміздегі жылы мыс өндірісі 2012 жылдың деңгейінде тұрақтайды. Өнімдерімізді өткізуге арналған жылдық келісімшарттарға қол қойылды. Компанияның келесі хабары 28 ақпанда жарық көреді. Келесі жолы мен сіздерді Қазақмыс қызметінің нәтижелерінен және біздің негізгі екі жобамыз – Ақтоғай мен Бозшакөлдегі оң өзгерістер туралы хабардар етемін».

 

РЕДАКТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТПЕЛЕР

Қазақмыс - мыс, алтын, мырыш, күміс, электр энергиясын өндіруде елеулі активтері бар, табиғи ресурстарды өндіру және өңдеумен айналысатын халықаралық жетекші топ болып табылады.

Қазақмыс - Қазақстандағы ең ірі мыс өндіруші әрі 16 кенішке, 10 тау-кен фабрикаларына және екі мыс балқытушы өндірістік кешенге ие болып отырған әлемдегі алыңғы қатарлы мыс өндіруші болып табылады. Тау-кен өндірісі кен өндіруден бастап мыс катанкасын және катодты мыс түріндегі дайын өнім шығаруға дейін толықтай интеграцияланған. 2012 жылы меншікті кеннен 292 мың тонна катодты теңгерімдегі мыс өндірілді. Бұл өндіріс электрэнергиясының ішкі тасымалдарымен және ауқымды теміржол инфрақұрылымымен қамтамасыз етіліп тұрады.

Kazakhmys Mining бөлімшесі басқа да металлдардың ауқымды көлемін, соның ішінде мырыш, күміс және алтын өндіріп отыр. 2012 жылы Қазақмыс 152 мың тонна мырыш концентратын өндірді. Топ әлемдегі ең ірі деген он күміс өндірушінің бірі боп табылады - 2012 жылы 12,6 млн. унция күміс өндірді.

Kazakhmys Power Қазақстандағы ең ірі электр станцияларының бірі болып табылатын Екібастұз ГРЭС-1 көмір электр станциясының  50 пайыздық үлесіне ие. Электр станциясында өндірістік қуаттылығын 3 000 МВт-тан 4 000 МВт-тық өз жобалық қуаттылығына жеткізуге мүмкіншілік беретін модернизациялау бағдарламасы іске асырылуда. Kazakhmys Power бөлімшесінде Kazakhmys Mining бөлімшесін электр энергиясымен қамтамасыз етіп отыратын электр станциялары мен қосалқы көмір кеніштері бар.

Қазақмыс Тобы Лондон қор биржасында және Гонконг қор биржасында айналымға қабілетті FTSE-100 компаниялар тізіміне кіреді; сондай-ақ Қазақстан қор биржасында (KASE) да саудаланып келеді. 2011 жылы Топтың ағымдағы қызметінен келген табысы 3,6 млрд. АҚШ долларын, ал операциялық қызметтен келген табысы 1,2 млрд. АҚШ долларын құрады. Топта шамамен 60 000 адам жұмыс істейді, яғни басым көпшілігі қазақстандық азаматтар. Қазақмыстың стратегиялық мақсаты – өндірістік активтерді оңтайландыру, өндірісті ұлғайту жөніндегі жобаларды іске асыру және де Орталық Азиядағы ауқымды табиғи ресурстарды игеру мүмкіншіліктерін кеңейтуге қатысу.