01.02.2013
Мамандар зияткерлік «СМАРТ-кешенін» құру мәселесін талқылады

Мамандар зияткерлік «СМАРТ-кешенін» құру мәселесін талқылады

Хабар

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мыңқұдық кен орнында «СМАРТ-кешені» пайда болмақ. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен уран саласын дамыту және энерго-ресурстарды үнемдеу туралы семинар-мәжілісте «Қазатомпром» өкілдері мәлім етті.

Аталған кешен тәжірибелі-өндірістік апробациялар мен озық инновацияларды енгізу, және энерго-ресурстарды үнемдеу, өндірісті көбейтуге арналған. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін мамандар осы жылдың ортасына қарай аяқтамақ. Ал, кешенді 2015 жылға жейін іске қосу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта «Қазатомпром» әлем нарығының 30 пайызын қамтамасыз етіп, ең ірі уран өндіруші болып саналады. Компанияның ендігі мақсаты - уран өнеркәсібін инновациялау, түсті, сирек және асыл металдар өндірісін көбейту. Сонымен қатар, жаңартылмалы энергетиканы дамыту. Радиоэкология да маңызды факторлардың бірі. Отандық мамандар бұл мәселеде Германиядан келген әріптестер көмектесуде. Бірігіп олар жаңа «жасыл» технологияларды жетілдіруде.

Серік ҚОЖАХМЕТОВ, «ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ИНСТИТУТЫ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:
- «СМАРТ-рудник» жаңа технологиялар мен жасыл технологияларда негізделген. Осы жаңа рудникті біз жария етіп, шетелден келген біз сол керемет компания рудник құру жасау және рудник арқылы ең озық технологияларды және техника әдістерді ұсынып, ары қарай отанымызда урандық өнеркәсіп жүзеге асыру - негізгі мақсатымыз сол. «Қазатомпром» құрған күн сәулелерін пайдаланатын Астанада зауыт ашылды. Сондықтан «Қазатомпром» жаңа технологияларды алып. өзіміздің ісімізді түрлендіріп, әртүрлі экономика пайда әкелетін істерді айналдырып отырымыз.