31.01.2013
Қазақстан электролиз зауыты миллионыншы тонна алюминийді қорытып шығарды

Қазақстан электролиз зауыты миллионыншы тонна алюминийді қорытып шығарды

ҚазАқпарат

ENRC тобына кіретін Қазақстан электролиз зауыты миллионыншы тонна алюминийді қорытып шығарды. Бұл туралы кәсіпорынның баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұл кәсіпорынның іске қосылған мезетінен - бес жыл ішіндегі өндірістегі маңызды оқиғаның бірі. Зауыт жұмысшылары бұл табысын Павлодар облысының 75 жылдығына арнады.

Алюминий элетролизі цехының құю бөлімшесінде өткен миллион тонна қанатты металлдың шығарылуына арналған салтанатты жиналысқа жас мамандардан бастап, осы мамандыққа бірнеше жылдарын сарп еткен құрметті металлугтарға дейінгі барлық буын өкілдері жиналды. Олардың барлығы елімізде алғашқы алюминий шығарылған 2007 жылды еске түсірді. Күйдіруге арналған жоғары кернеулі өнеркәсіп алыбының бірінші элетролизері сол жылғы қыркүйектің басында қондырылған болатын. Ал, 12 қаңтарда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жаңа зауытты іске қосты. Дәл сол күні ҚЭЗ алғашқы алюминийді шығарды

-  Мен металлург бола тұра, алюминий тотығын оп-оңай тиеп жіберіп қана қоймай, елімізде өз алюминийімізді шығарып, және өз мамандарымызды тәрбиелеп, даяр өніммен халықаралық рынокқа шығуды да үнемі армандайтын едім. Осы арманым да жүзеге асырылды, - деген еді сол кезде Нұрсұлтан Назарбаев.

Ал, бұдан әрі алғашқы алюминий қорыту жөніндегі технологиялық үрдісті түсті металл құюшылар аяқтады, солардың ішінде бесінші разрядтағы құюшы Руслан Аралов та болды.

- Бұл күні менің бригадамның барлық мүшілерін жауапкершілік сезім биледі, өйткені бірінші алюминийді шығару абыройы бізге тиді емес-пе, - деп есіне алады Руслан. - Содан бері бес жыл өтсе де, кеше ғана болғандай әлі менің есімде. Бүгінде мен өзімнің бес жасар ұлыма Қазақстан электролиз зауыты сияқты алып кәсіпорынның іске қосылуына қол ұшымды тигізгенімді мақтанышпен әңгімелеймін.

Жаңа буын зауытының құрылысы және оның іске қосылуы, Лондон металл биржасына жету, «Еуропалық сапа», «Қазақстанның ең үздік тауары» және «Жылдың ең жақсы ұтымды шешімдері» атты наградалары - ҚЭЗ жетістіктерінің соншалықты толық тізімі емес. Бүгінде зауыттың 27 қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталған, оның екеуі - «Отан» және І дәрежелі «Барыс» ордені - кәсіпорын басшысы Алмаз Ибрагимовқа берілді. ҚЭЗ-дың басқа жұмысшылары есебінде - «Достық», «Құрмет» ордендері, «Ерен еңбегі үшін» медальдары мен Елбасы атынан берілген құрмет грамоталары бар. Мерекелік қорытпа алюминийдің кезекті тобын көрнекті өлшеу үрдісі - салтанатты іс-шараның даңқты мезеті болып табылады. Мерекелік лентамен орап байланып, таразыға қойылған пакеттегі металл құйма - қазақстан алюминийнің алғашқы миллион тоннасы.

«ҚЭЗ» АҚ - ең жоғары сапалы өнім өндіруге мүмкіндік беретін, жаңашыл құралдармен жабдықталған, бастапқы алюминий шығаратын Қазақстандағы жалғыз зауыт.

2009 жылы «ҚЭЗ» АҚ-да өндірілген бастапқы алюминий Лондон металл биржасында ресми түрде тіркелген. Бұл ҚЭЗ өнімінің халықаралық стандарттарға сай екендігін мойындауға және бастапқы алюминийді ЛМБ қоймаларына биржа бағасымен сатуға мүмкіндік берді. Зауытта 2 264 жұмысшы еңбек етеді.