30.01.2013
Қарағанды облысында 2012 жылы өңдеу өнеркәсібінің көлемі 8,6 пайызға кеміді

Қарағанды облысында 2012 жылы өңдеу өнеркәсібінің көлемі 8,6 пайызға кеміді

ҚазАқпарат
Қарағанды облысында өткен жылы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары көлемін 8,6 пайызға кемітті, деп хабарлады облыстық статистика департаментінен.

«2012 жылдың мәліметтеріне қарағанда, өңдеу өнеркәсібінде 1034,8 млрд. теңгеге өнім өндірілді. 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 91,4 пайызды құрады», - делінген хабарламада.

Өңірдегі өңдеу өнеркәсібінде металлургиялық өнеркәсіптің үлесі басым - 74,9 пайыз. Жедел мәліметтер бойынша, 2012 жылы бұл салада 774,8 млрд. теңгеге өнім өндірілді.

Оған қоса статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2012 жылдың қорытындысы бойынша өңірде азық-түлік өнімдерінің өндірісі 0,2 пайызға азайды.

Онымен бірге 2011 жылмен салыстырғанда өткен жылы сусындар өндірісі 15,8 пайызға, резеңке және пластмасса бұйымдары 2,1 пайызға, металл емес және минералды өнімдер 1,3 есе, дайын металл бұйымдары (көлік пен жабдықтан басқа) 1,4 пайызға, машина құрастыру өндірісі 4,8 пайызға, жеңіл өнеркәсіп өндірісі 7,9 пайызға өсті.