21.01.2013
Соколов-Сарыбай кәсіпорнының 18 мың қызметкері Президенттің Жолдауын талқылады

Соколов-Сарыбай кәсіпорнының 18 мың қызметкері Президенттің Жолдауын талқылады

 

ҚазАқпарат

ENRC құрамына кіретін Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігінің 18 мың қызметкері Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты ел халқына Жолдауын талқылау бойынша жиындарға қатысты.

Кездесулер барысында бөлімшелердің өкілдері бағдарламалық құжаттың стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

«Біздің ұжымымыз Мемлекет Басшысының бастамаларын әрқашан қолдап, заманымен бірге аяқ басуға тырысады. Осы жылдары бірлестік елдің индустриалдық өміріне белсенді атсалысты. Кәсіпорында қызметтің барлық бағыттарын қамтитын әлеуметтік бағдарлама әзірленіп, қабылданды. Жастарға көп көңіл аударылады. Біз Мемлекет Басшысы айтқандай, еліміз табысқа жетіп, әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына міндетті түрде кіретініне сенеміз», - деп қорытындылады кездесулерді «ССТБӨБ» АҚ-ның президенті Мұхамеджан Тұрдахұнов.