17.01.2013
«Өнімділік-2020» бағдарламасына 51 жоба енді

«Өнімділік-2020» бағдарламасына 51 жоба енді

Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

«Өнімділік-2020» бағдарламасы іске аса бастағаннан бері, бағдарламаға 15 облыстан өнеркәсіптің 8 саласы бойынша жалпы құны 152,6 млрд. тг болатын 51 инвестициялық жоба енді.

Құрылыс заттар индустриясынан – 15 жоба, машинажасау саласынан – 13, агроөнеркәсіп кешеніне тиесілі 6 жоба, химия өнеркәсібінен – 5, фармацевтикадан – 4, ағаш өңдеу индустриясынан – 3, энергетикадан – 3, металлургия саласынан 2 жоба енді.

2012 жылы бағдарламаға Қазақстанның 12 облысынан 25 жоба енді.

Ең белсенді облыстар – Алматы қ. (7), ОҚО (6), Қараганды облысы (5), Қостанай облысы (5), ШҚО (4), Павлодар облысы (4), Ақтөбе (4) и Алматы облысы (4).