15.01.2013
Батыс Қазақстанда бір жылда 1632,9 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді

Батыс Қазақстанда бір жылда 1632,9 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді

ҚазАқпарат
Батыс Қазақстан облысында өткен жылы 1632,9 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, бұл 2011 жылғыдан 5,3 пайызға артық.

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, осының дені (1497,3 млрд. теңге) кен өндіру өнеркәсібінің үлесіне тиеді. Мұндағы өсім 5,5 пайызға жетті. Соның ішінде табиғи газ өндіру 9,4, газ конденсаты 3,8 пайызға өсті.

Өңдеу өнеркәсібінде 103,7 млрд. теңгенің өнімі шығарылып, металлургия өнімінің 1,6 есеге, дайын металл бұйымдарының 1,4 есеге, азық-түліктің 17,5, сусынның 10,8 пайызға көбеюі нәтижесінде 3 пайызға артты.