15.01.2013
2012 жылы Қазақстанда бағалы металл өндірісі 8,6 пайызға артты

2012 жылы Қазақстанда бағалы металл өндірісі 8,6 пайызға артты

2012 жылы Қазақстанда бағалы металл өндірісі 8,6 пайызға артты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылы Қазақстанда өңделмеген және жартылай өңделген алтын өндірісі 40 мың келіге жетті. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 8,6% артық, деп хабарлайды мемлекеттік Статистика агенттігі.

Статистикалық деректерге қарағанда, аталған уақыт аралығында өңделмеген және жартылай өңделген 963 мың 137 келі күміс өндірілген. Бұл 2011 жылғы көрсеткіштен 48% артық.