08.01.2013
Павлодар машина құрастыру зауытында жаңа өнімнің өндірісі игерілді

Павлодар машина құрастыру зауытында жаңа өнімнің өндірісі игерілді


ҚазАқпарат

Павлодар машина құрастыру зауытында жаңа өнімнің өндірісі игерілді, бұл туралы облыстық әкімдіктен хабарлады.

Бұл салмағы 44,5 тонналық арнайы платформа, ол металлургиялық өндірістердің құю цехтарында 155 тоннаға дейінгі жүктерге арналған металл құйылатын шөміштерді тасымалдауға арналған.

Алғашқы отандық арба «Қазхром» Трансұлттық компаниясы» АҚ-ның тапсырысы бойынша жасалды. Оның құны Ресейден сатып алынатын ұқсас құрылғыдан әлдеқайда төмен.