26.12.2012
Батыс Қазақстанда биыл индустрияландыру картасы аясында 5 млрд. астам теңгеге 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Батыс Қазақстанда биыл индустрияландыру картасы аясында 5 млрд. астам теңгеге 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

ҚазАқпарат

Батыс Қазақстан облысында биыл индустрияландыру картасы аясында 5 млрд. астам теңгеге 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде жетеуі іске қосылды.

Жалпы, индустрияландыру картасы аясында 256 млрд. теңгеге 1400-ден астам жаңа тұрақты жұмыс орнын аша отырып, 31 инвестициялық жоба іске асырылуда.

Өңірде өнеркәсіп өнімінің көлемі биылғы он бір айда өткен жылғыдан 4,8 пайызға өсіп, 1,5 трлн. астам теңгеге жетті. Соның ішінде 17,2 млрд. текше метр газ өндірілсе, газ конденсатының көлемі  11,5 млн. тоннаны құрап отыр  (3,9 пайызға көп).