24.12.2012
ҚР Президентінің жоспарлары іске асырылуда - екібастұздық кенші

ҚР Президентінің жоспарлары іске асырылуда - екібастұздық кенші

ҚазАқпарат
«Қазақстан Президентінің халыққа Жолдауын мұқият оқып шығып, мен және менің әріптестерім оның тәуелсіз мемлекетті салудағы көптеген проблемаларды табысты шешу туралы сөздерін шабыттана қабылдадық», - деп атап өтті екібастұздық «Богатырь Көмір» ЖШС-нің үңгушісі Қанат Ниязбаев.

«Менің есімде Мемлекет басшысының: «Алты жыл бұрын мен әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру жалпыұлттық міндетін қойдым. 2012 жылы Дүниежүзілік экономикалық форумның бағалауынша Қазақстан 144 елдің ішінен 51-ші орыннан көрінді. Мақсатымызға жетуге бір-ақ қадам қалды!» деген сөздері сақталды.

Еліміздің экономикалық жетістіктеріне біздің өндірістік бөлімшеміз - «Богатырь Көмір» ЖШС-нің сусіңгіш шахтасының да қосқан үлесі бар. Биылғы жылдың 21 желтоқсанында кәсіпорында үлкен оқиға болды - «Богатырь» разрезінің сусіңгіш шахтасында бір-біріне қарама-қарсы екі забойдың қосылуы болды. Бұл разрездегі көмір алаңдарын құрғату бойынша күрделі инженерлік-техникалық кешенді құруды бейнелейді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында компаниямыз тұтынушыларға жыл басынан 40 миллиондық тоннаны тасымалдап, 2012 жылдың өндірістік бағдарламасын мерзімінен бұрын орындады. Жыл аяғына дейін қалған күндері кеншілер елдің электр стансаларына отынның тағы 4,5 млн. тоннасын тасымалдайды. Бұл біздің жұмысымыздың соңғы 4 жылында бірінші рет қол жеткізген жоғары нәтижеміз болып табылады.

Ел Президентінің Қазақстан халқына жаңа Жолдауында қойылған міндеттерінің орындалатынына сенімдімін», - деді Қанат Ниязбаев.