22.12.2012
Қазақмыс тобы 1 миллиард АҚШ доллары мөлшеріндегі экспорталды несиелік желіні ұсыну туралы келісімге қол қойылғандығын хабарлайды

Қазақмыс тобы 1 миллиард АҚШ доллары мөлшеріндегі экспорталды несиелік желіні ұсыну туралы келісімге қол қойылғандығын хабарлайды

2012 жылғы 21 желтоқсан

Қазақмыс Тобы 1 миллиард АҚШ доллары мөлшерінде экспорталды несиелік желіні ұсыну туралы келісімге қол қойылғандығын хабарлап отыр. Бес жылдық мерзімге берілген несиелік желі Компанияның өндірісті ұлғайту жөніндегі жобаларын іске асыру кезеңінде қосымша өтімділікті қамтамасыз етеді және жалпы корпоративтік мақсаттарға пайдаланылатын болады. Жаңа несие 2013 жылдың ақпан айында толығымен өтелетін 2,1 млрд АҚШ доллары мөлшеріндегі ағымдағы несиелік желінің орнын басады.

Несиелік желіні ұсынған банктер: Bank of China, Bank of Tokyo-Mitsubishi UFJ, Deutsche Bank AG, ICBC (Лондон, Алматы), ING Bank, Natixis, Société Générale, Sumitomo Mitsui Banking Corporation және UniCredit – уәкілетті жетекші несие ұйымдастырушылар ретінде, сондай-ақ Bank of America Merrill Lynch, Citibank, Crédit Agricole CIB, JP Morgan және The Royal Bank of Scotland ұйымдастырушылар ретінде. Мәміленің жүргізілуіне басшылық жасаған Deutsche Bank AG, ал несие бойынша сенімгер басқарушы болған  ING Bank.

Несие бойынша қаражат бір жылдың ішінде қолжетімді болады, ал қарыздың негізгі сомасын өтеу 2015 жылдың қаңтар айынан бастап 2017 жылдың желтоқсан айында толық өтелгенше үш жыл бойы жүзеге асырылып отырады. Несие бойынша пайыздық мөлшерлеме Лондон нарығындағы банктер аралық несиелердің 2,8 пайыздық маржасымен  LIBOR ставкасына сәйкес келеді.

Қазақмыс ПЛС Бас қаржылық директоры Мэтью Херд өз сөзінде былай деді: «Біз бизнесіміздің тұрақтылығын көрсететін қолайлы шарттармен беріліп отырған жаңа несиелік желіні алғанымызға қуаныштымыз. Несиелік желі алдағы үш жыл ішінде өндірісімізді ұлғайтуға бағытталған ірі жобаларымыздың жүзеге асырылуына қарай бізді  қаржы тарту ісінде қосымша икемділікпен қамтамасыз етеді».

РЕДАКТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТПЕЛЕР

Қазақмыс мыс, алтын, мырыш, күміс, электр энергиясын өндіруде елеулі активтері бар, табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу жөніндегі жетекші халықаралық компания болып табылады.

Қазақмыс Қазақстандағы ең ірі мыс өндіруші әрі 16 кенішке, 10 тау-кен фабрикаларына және мыс балқытатын 2 өндірістік кешенге ие болып отырған әлемдегі алдыңғы қатарлы мыс өндіруші болып табылады. Тау-кен өндірісі кен өндіруден бастап мыс катанкасын және катодты мыс түріндегі дайын өнім шығаруға дейін толықтай интеграцияланған. 2011 жылы меншікті кеннен 299 мың тонна катодты теңгерімдегі мыс өндіріліп шығарылды. Бұл өндіріс электр энергиясының ішкі жеткізілімдерімен және ауқымды теміржол инфрақұрылымымен сүйемелденіп тұрады.

Kazakhmys Mining бөлімшесі басқа да металлдардың ауқымды көлемін, соның ішінде мырыш, күміс және алтын өндіріп отыр. 2011 жылы Қазақмыс 140 мың тонна мырыш концентратын өндіріп шығарды. Топ әлемде ең ірі деген он күміс өндірушінің бірі боп табылады.  (2011 жылы 13 млн. унция күміс өндірді).

Kazakhmys Power Қазақстандағы ең ірі электростанциялардың бірі болып табылатын Экібастұз ГРЭС-1 көмір электростанциясының  50%-дық үлесіне ие. Электростанцияда модернизациялау бағдарламасы қолға алынған және қазіргі уақытта өндірістік қуатын 3 000 МВт жеткізуге мүмкіндік беретін кезекті энергоблок іске қосылайын деп жатыр. Жаңалау бағдарламасы аяқталған соң, ЭГРЭС-1 4 000 МВт. болатын өзінің жобалық қуатына жетеді. Kazakhmys Power бөлімшесінде Kazakhmys Mining бөлімшесін электр энергиясымен қамтамасыз етіп отыратын электр станциялары мен қосалқы көмір кеніштері бар.

Қазақмыс Тобы Лондон қор биржасында және Гонконг қор биржасында айналымға қабілетті FTSE-100 компаниялар тізіміне кіреді; сондай-ақ Топтың құнды қағаздары Қазақстан қор биржасында (KASE) да саудаланып келеді. 2011 жылы Топтың ағымдағы қызметінің кірісі 3,6 млрд. долларды, ал операциялық кірісі 1,2 млрд. долларды құрады. Топта шамамен 60 000 адам жұмыс істейді, басым көпшілігі қазақстандық азаматтар. Қазақмыстың стратегиялық мақсаты – өндірістік активтерді оңтайландыру, өндірісті ұлғайту жөніндегі жобаларды іске асыру және де Орталық Азиядағы ауқымды табиғи ресурстарды игеру мүмкіншіліктерін кеңейтуге атсалысу.