18.12.2012
«Қазақстандық электролиз зауыты» АҚ-ның 9 қызметкері Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік наградаларға ие болды

«Қазақстандық электролиз зауыты» АҚ-ның 9 қызметкері Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік наградаларға ие болды - Павлодар

ҚазАқпарат

«Қазақстандық электролиз зауыты» АҚ-ның (Павлодар) 9 қызметкері Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік наградаларға ие болды, деп хабарланды мекеменің баспасөз қызметінен.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін «Қазақстандық электролиз зауыты» АҚ-ның басшысы Алмаз Ибрагимовты 1-ші дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. Сондай-ақ мекеменің 8 қызметкері мемлекеттік наградаларға ие болды.

2-ші дәрежелі «Барыс» ордені күрделі құрылыс жөніндегі вице-призидент Амангелді Айтжановқа тапсырылды. «Құрмет» орденімен марапатталғандардың ішінде - вице-президент Роман Романов, күйдірілген анодтар өндіретін зауыт директоры Елсүр Темірханов және цехтің басшысы Қуанышбек Бектеміров бар. «Ерен еңбегі үшін» медалімен Ерден Арынов және Ахат Тоғайбаев, электргаз дәнекерлеуші Арман Жағыпаров және темір ұстасы Болат Кәріпбаев наградталды.

Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын наградаларды тапсыру кезінде атап өткендей, мемлекеттік наградалар мен медальдар олардың еңбегі жоғары бағаланып отырғанын көрсетеді.