13.12.2012
С.Ахметов Қостанай облысының өнеркәсіптік әлеуетімен танысты

С.Ахметов Қостанай облысының өнеркәсіптік әлеуетімен танысты. ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов бүгін Қостанай облысына жұмыс сапарының аясында Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігінің құрылымына кіретін бірқатар кәсіпорынды аралап, өңірдің өнеркәсіптік әлеуетімен танысты

BNews.kz

«ССКБӨБ» АҚ-ның Сарыбай карьерінде Үкімет басшысы темір рудаларын өндіру жөніндегі өндірістік бағдарламаның орындалу барысымен және кәсіпорынды дамытудың перспективаларымен танысты.

Ал бірлестіктің жылу-электр орталығында Премьер-Министр стансаның күзгі-қысқы мерзімдегі жұмыс жағдайымен және оның даму перспективасымен танысты. 1998 жылы Рудный қаласының жылу-электр орталығы «ССКБӨБ» АҚ-ның сенімді басқаруына берілген болатын. Рудный қаласын электр қуатымен жабдықтаудың сенімділігін жақсарту және кәсіпорында өндірілетін өз электр қуатының көлемін арттыру мақсатында жылу-электр орталығын кеңейту және жаңарту жөніндегі инвестициялық жоба іске асырылды.

С.Ахметов сондай-ақ «ССКБӨБ» АҚ үшін кадрлар даярлау жүйесімен танысу мақсатында корпоративтік оқу орталығында болды. Үкімет басшысы орталықтың білім бағдарламаларымен және жаттықтыру сыныптарының мүмкіндіктерімен танысты.