05.12.2012
Қазақстанда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 0,5%-ға арзандады

Қазақстанда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 0,5%-ға арзандады

BNews.kz

2012 жылғы қарашада өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 0,5%-ға төмендеді, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.

«Ағымдағы жылғы қарашада қазанмен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде 0,8%, өңдеу өнеркәсібінде - 0,1%-ға төмендеді. Өндірілген өнім 0,5%, өндірістік сипаттағы қызметтер – 0,3%-ға арзандады», деп жазылған хабарламада.

Статистика агенттігінің ақпаратына қарағанда, өткен айда бағаның сұйытылған мазутқа 4,8%, металл кендеріне – 3,7%, көмірге – 1,4%, мұнайға – 0,8%, табиғи газға – 0,7%-ға төмендеуі, керосинге – 11,3%, сұйытылған пропан мен бутанға – 4,2%, дизельдік отынға – 2,8%, бензинге – 2,6%-ға жоғарылауы тіркелді.

Бір айда баға мырышқа 11%, қорғасынға – 7,4%, ферроқорытпаларға – 5,3%, өңделмеген алюминийге – 2,8%, қара металдар илегіне – 0,8%-ға төмендеді, асыл металдарға – 3,9%, мысқа – 0,4%-ға жоғарылады.

Қара бидай ұны 6,1%, бидай ұны – 3,8%, құс еті – 2,5%, макарон өнімдері – 1,5%, балық – 0,9%, сүт өнімдері – 0,3%-ға қымбаттады, жармалар – 2%, өсімдік майы – 0,4%-ға арзандады.