03.12.2012
Қарағанды облысында Мемлекет басшысының жұмыс сапары күтілуде

Қарағанды облысында Мемлекет басшысының жұмыс сапары күтілуде. Қарағанды облысында 1-2 желтоқсан күндері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс сапары күтіледі. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады

ҚазАқпарат

Мемлекет басшысының аймаққа бүгін түстен кейін келуі жоспарлануда. Бағдарламаға сәйкес, жұмыс сапары Теміртауда, қала әкімдігіне барудан басталады. Мұнда Н.Назарбаевтың еңбек жолының басталғанының белгісі ретінде ҚР Тұңғыш Президентінің кабинет-мұражайы ашылады.

Одан кейін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның комбинатында болу қарастырылған, онда Мемлекет басшысына үздіксіз құйма әзірлемелері машинасының жұмысы көрсетіледі.

Бағдарламаға сәйкес, бұдан кейін жұмыс сапары Қарағандыда жалғасады. Мұнда ҚР Тұңғыш Президентінің құрметіне «Ариста» кешенінде «Триумф» балына қатысу, сондай-ақ Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне бару жоспарланған.

2 желтоқсанда Қарағанды облыстық әкімдігінің ғимаратында жұртшылықпен кездесу жоспарлануда. Бұдан басқа, Мемлекет басшысына облыстың индустриялық жобалары ұсынылады. Бағдарламаға сәйкес, жұмыс сапары Қарағандыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне барумен аяқталады.