03.12.2012
Екібастұздық «Батыр» разрезінде 40 миллионыншы тонна көмір мерзімінен бұрын жөнелтілді

Екібастұздық «Батыр» разрезінде 40 миллионыншы тонна көмір мерзімінен бұрын жөнелтілді

ҚазАқпарат

Екібастұздағы «Батыр Көмір» ЖШС-де 40 миллионыншы тонна көмір мерзімінен бұрын жөнелтілуі құрметіне митинг өтті, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

Құрамға жүк тиеу құрметті құқығы Владимир Хивук басқаратын SRs(k)-2000 роторлық экскаваторының озат бригадасына берілді.

Жыл басынан бері 40 миллионыншы тоннаны тиеу бойынша оқиға - компания ұжымының еңбек жеңісі. Көмір өндірушілер бұл табысын өздерінің туған қаласына және Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жасаған сыйлығы деп атап өтті.

Жоспардан тыс отынның ақшасын кеншілер «Қайырымдылық» қалалық қоғамдық қорына әлеуметтік жағынан әлжуаз азаматтар - мүгедектер, жалғызбасты зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларды қолдау қорына аударады.