30.11.2012
Қазақмыста талантты қызметкерлерді жетілдіру жөніндегі бағдарламаның алғашқы жылының қорытындысы жасалды

Қазақмыста талантты қызметкерлерді жетілдіру жөніндегі бағдарламаның алғашқы жылының қорытындысы жасалды

 

Алматыда Қазақмыс Тобының талапты жастарды жетілдіруге бағытталған корпоративтік бағдарламасының аясында алғашқы оқу жылының қорытындысы шығарылды. Бағдарлама мақсаты – басқарушы кадрлар резервін құрып, компанияны тиімді басқаруға және оның одан әрі өркендеуін қамтамасыз етуге қабілеті бар болашақ жетекшілерді даярлау.
2012 жыл аталмыш бағдарламаға қатысушылар үшін өте мазмұнды өтті. Компаниядағы 60 000 қызметкердің ішінен іріктеп алынған 100 үздік шәкірт бірқатар тренингтерден кейін оқу бағдарламасының 3 модулімен танысып, өз білімдерін шыңдады. Модульдер жалпы тау-кен индустриясының жағдайына, оның ішінде компанияның қазіргі жағдайына, сондай-ақ оның жақын болашаққа жоспарлаған жобалары арналған болатын.

Соңғы модульдің барысында бағдарламаға қатысушылар топ құрамында және дербес жасаған жобалық жұмыстарын ұсынды. Соңында жеңімпаздар да анықталды. Қазақмыстың топ-менеджерлері мен атқарушы басшылығының өкілдері спикерлер ретінде қатысты. Бағдарламаның келесі кезеңінде топ-менеджерлер мен компанияның басты бағыттарының атқарушы басшылары жобаға қатысушылар үшін дербес тәлімгерлер болмақ. Бұл мақсатта әрбір финалшы үшін алдағы жылға жеке даму жоспары әзірленді. Бағдарламаны дайындаған Қазақмыс тобының қызметкерлер құрамын басқару қызметі бұл кезеңде достық және іскерлік байланыстар орнатуға ерекше мән берілетіндігін атап көрсетті.

«Талантты қызметкерлерді жетілдіру бағдарламасының арқасында біз компанияның кадр резервін жасақтаймыз әрі Топтың болашақ басшыларын кемеліне жеткіземіз. Бағдарламаға қатысушы әрбір шәкірт білімін шыңдап, біліктілігін арттырып, өзін жаңа қырынан таныта отырып компания ішінде өзіне қажетті байланыстар орнату мүмкіндігіне ие болады. Айта кетсек, біз қазіргі кезеңнің өзінде жобаның тиімділігін көріп отырмыз – қызметкерлеріміз мұнда алған білімдерін жұмыс барысында сәтті қолданып жатыр. Тіпті бірқатарының лауазымы да өсті», — дейді Қазақмыс Тобының басқарушы Бас директоры Олег Новачук.

Талантты мамандарды жетілдіруге бағытталған корпоративтік бағдарламаға Қазақстан азаматтығы бар, жоғары білім алған әрі компанияда кем дегенде 12 ай жұмыс істеген 25 пен 39 жас аралығындағы талапты жастар қатыса алады. Биыл екі мыңға жуық қызметкер бағдарламаның іріктеу кезеңіне қатысуға шақырту алды, үміткерлердің тең жартысы — техникалық мамандықтардың өкілдері. Бағдарламаның тестілеу және функционалды басшыларымен сұхбаттасудан тұратын келесі кезеңдерінің қорытындысы бойынша биыл 100 үміткер анықталды. Ұзақмерзімді бағдарламаға қатысушыларды келесі іріктеу шарасы 2013 жылға жоспарланып отыр.