29.11.2012
Жеделдетілген индустриалды-инновациялық даму Бағдарламасы бойынша $5,7 млрд тікелей шетел инвестициялары тартылды.

Жеделдетілген индустриалды-инновациялық даму Бағдарламасы бойынша $5,7 млрд тікелей шетел инвестициялары тартылды. ҚР-ның премьер-министрі  Серік Ахметов өткізген мәжілісте ҮИИДМБ-н жүзеге асыру және индустриаландыру картасы жобасы бойынша бірсыпыра мәселелер талқыланды

Ақпарат көзі: Kazakhstan Today

Жиналысқа орталық атқарушы органдардың басқарушылары, Алматы және Астана қалаларының әкімдері, облыс әкімдері, ұлттық компаниялардың бастықтары қатысты, - деп хабарлайды премьер-министрдің ақпарат қызметі.

Мәжіліс барысында  екі жарым жыл аралығында ҮИИДМБ-н жүзеге асырудың қорытындылары қарастырылды, сонымен қатар негізгі мақсатты индикаторларын іске асыру дәрежесі  талқыланды.

ҚР-ның Индустрия және жаңа технологиялар вице-премьер-министрі  Асет Исекешев есеп беру баяндамасын жасады.
«2011 жыл қорытындылары бойынша ЖІӨ 27,6 трлн тенгені құрады және 2008жылмен салыстырғанда 11,5 трлн теңгеге өсті, нақты өсім 16,7%-ды құрайды.  Ағымдағы жылдың 10 айы аралығында  өнеркәсіптік өнімнің ФКИ-нің ең үлкен өсімі машина жасауда (12,3%) және жеңіл өнеркәсіпте (7,4%) белгіленді, ал өнеркәсіптік өндірістің көлемі 12,1 трлн теңгені құрады, соның ішінде индустрияландыру картасы  шеңберiнде 2010-2012 жылдары аралығында  қараусыз қалған жобалар есебiнен болды,- деп хабарлайды А.Исекешов.

Сондай-ақ, вице-премьер тікелей шетел инвестицияларының  динамикасының өскендігін атап өтті.

« ҮИИДМБ-н іске асырылу процесінің басында  $5,7 млрд-тан жоғары инвестиция тартылды. Алғашқы рет, 2009 жылдан бастап, инвестициялар фармацевтикалық өнімдер өндірісінде тартылды, сонымен қатар компьютердер, электронды және оптикалық өнімдер өндірісіне де тартылды. Осылайша, ҮИИДМБ-н іске асыру жылдарында біртіндеп инвестициялық ағымдардың диверсификациясы болып жатыр», - деп А.Исекешов атап өтті.
ҮИИДМБ-ның жүзеге асырылуы жайлы есептерімен премьер-министрдің орынбасары, бірнеше министрлер мен облыс әкімдері  сөз сөйледі.

Премьер-министр ҮИИДМБ-нмоноқалаларда  іске асыру керектігіне көңіл аударды.

«Осы бағдарлама шеңберінде әр моноқала жылдық бюджет алуға мүмкіндігі бар. Бұл моноқалалар экономикасын әртараптандыру үшін және жүйеқұрушы кәсіпорындар, соның ішінде ҮИИДМБ шеңберінде құрылған кәсіпорындар төңірегінде, кіші орта бизнес құру үшін жасалған», - деп Серік Ахметов  осы мәселеге ерекше көңіл аударды.

Кеңес нәтижелерін қорытындылай келе, Үкімет басшысы «мемлекет басшысымен қойылған міндеттердің және ҮИИДМБ-н іске асырудың нәтижелілігін  қамтамасыз етуi үшін қолданылатын шаралардың  толық көлемде орындалу» қажеттілігіне аса мән берді.  Премьер-министр 2012жылға жоспарланған карта жобаларын аяқтауға және іске қосылғанобъектілердің жоспарланған жобалық қуатына шығуға қатысты бірсыпыра нақты тапсырмалар берді.
«Жалпы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы нәтижелері 10 ай ішінде жағымды динамикамен сипатталады. Сонымен қатар, ЖІӨ-нің 2012 жылға жоспарланған деңгейіне жету үшін аудандарда экономикалық өсудің индикативті параметрлеріне жетуді қамтамасыз ету қажет», - деп Серік Ахметов атап өтті.