29.11.2012
СҚО-да кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 1,8 есе артты.

СҚО-да кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 1,8 есе артты. Солтүстік Қазақстан облысында кен өнеркәсібінде өндірісі көлемі 1,8 артты

BNews.kz

"Кен өнеркәсібінде 2012 жылғы қаңтар-қазанда 2011 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда өндіріс көлемі 1,8 есе артты", деді облыстық статистика департаментінің бастығы Ольга Перепечина. 

Облыста кен өндірумен 16 кәсіпорын мен қосалқы өндіріс айналысады. Қаңтар-қазанда олармен 1 087,9 млн.теңгеге өнім өндірілді немесе 2011 жылғы сәйкес кезеңге 180,6 пайыз. Осы саладағы негізгі өндірушілер Тайынша, Ақжар және Уәлиханов аудандарының кәсіпорындары болып табылады.


Кен өнеркәсібінің шамалы үлес салмағына қарамастан (1,1 пайыз), соңғы уақытта жағымды даму үрдісі байқалады. Солай, 2011 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда титан-цирконий кені мен концентраттарды өндіру 2,3 есе ұлғайған, 30,3%-ға - тас тұз, 20,9%-ға - ірі құм мен қиыршық тас. Құм өндіру белсенділігі азырақ, оның шығарылымы 108,4 мың тек. м. құрады (2011 жылғы қаңтар-қазанда – 135,6).