29.11.2012
Елбасы жер қойнауын пайдалануға жарияланған мораторийді алып тастауды тапсырды.

Елбасы жер қойнауын пайдалануға жарияланған мораторийді алып тастауды тапсырды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев солтүстік аймақ басшыларына елдің солтүстік аймақтарындағы жер қонауларына инвесторлар тарту бойынша қарқынды жұмыс жүргізуді, сонымен қатар облыс кәсіпкерлері мен тұрғындарын ынталандыру шараларын қолдануды тапсырды

BNews.kz

Бұл туралы Елбасы Ақордада өткен облыс әкімдерімен кездесу барысында мәлім етті.

«Қостанай, Солтүстік Қазақстан – дәл шекарада. Біз КО-мен екі жылдан бері жұмыс жасап келеміз, мен Ресей аймақтарына барып, олармен бірлесіп жұмыс бастау керектігін КО-ға ену туралы шешім қабылданбай тұрып-ақ айтқан болатынмын – содан бері еш жұмыс жасалған жоқ, шекаралас облыстар түк істемей отыр», - деді Н.Назарбаев. 

Мемлекет басшысы инвестиция тартуда аймақтардың белсенділігін арттыру үшін үкімет тиісті шара қолдану қажеттігін баса айтты.

«Қазір мен бекіткен жер қонауларына және басқа да жер қонауларының жекелеген түрлеріне мораторийді алып тастау қажет. Біздің ӘКК-міз бар, егер ол белгілі бір облыстағы жер қойнауына инвестиция тартатын болса, қызығушылықты арттыру үшін табыстың бір бөлігін облыспен бөлісу керек. Осының бәрін тексеріп, не істеуге болатынын қарастырыңыздар», - деп атап өтті Президент.

«Үкіметке , аймақтармен келісілген ұсыныс енгізіп, осы істі аяғына дейін жеткізуді тапсырамын. Қандай да бір қызығушылық тудырып, облыстарға инвестиция тарта алатындай жағдай жасау үшін», - деді Н.Назарбаев.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа салық заңнамасының әзірленуіне байланысты жер қойнауын пайдалануға лицензия беруге мораторий 2008 жылы жарияланған болатын. Жаңа заңнамаға сәйкес, келісімшарттың өнімді бөлісу туралы келісім сынды түрлері оңтайландырылды. Яғни бұл дегеніңіз бекітілген келісімшарттар тұрақты болып табылмайды дегенді білдіреді. Келісімшарттардың тұрақтылығынан кетіп, өндіруші салаға салынатын салықты күшейтуді қарастыратын жаңа Салық кодексі 2009 жылдың 1 қаңтарында іске қосылды.