29.11.2012
2013 жылы «Қазцинк» Риддер ауданындағы екі кен орнын пайдалана бастайды

2013 жылы «Қазцинк» Риддер ауданындағы екі кен орнын пайдалана бастайды

BNews.kz

2013 жылы «Қазцинк» Риддер ауданындағы екі кен орнын пайдалана бастайды. Бұл жөнінде BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында «Қазцинкмырыш» ЖШС техникалық бөлім бастығы Дмитрий Лисовцев мәлімдеді.

«Бұрын пайдаланылған Тишин кен орны өңделіп жатқандығымен қатар, Риддерде Риддер-Сокол, Зыряновта Малеев кен орны өңделуде. Бұнымен қоса қазір барланған кен орындарында кеніштер салынып жатыр, бұл Долинный және Обручевский кен орындары. Олар әлдеқашан барланған, мұның бәрі жоспарда болған мәселелер. Қазір енді осы кен орындарында шахта салып, кен өндіру қол алынып отыр. Дағдарысқа байланысты кейбір жобалар уақытша тоқтатылған. Бастапқыда өндіруді 2013 жылы бастау жоспарланған. Бұл кеннің түрлері әр алуан, көлемі жағынан мырыш, қорғасын ең көп, одан кейін алтын, күміс, кадмий бар, шамамен тағы Менделеев кестесінің 5 элементі», — дейді Д.Лисовцев.