27.11.2012
ҚР Тұңғыш Президенті Күніне орай «АрселорМиттал Теміртау» комбинатында домна газында жұмыс істейтін қазандық іске қосылады

ҚР Тұңғыш Президенті Күніне орай «АрселорМиттал Теміртау» комбинатында домна газында жұмыс істейтін қазандық іске қосылады

BNews.kz

ҚР Тұңғыш Президенті Күніне орай «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургия комбинатында ірі инвестициялық жоба, домна газында жұмыс істейтін қазандық іске қосылады.

«ҚР Тұңғыш Президенті Күніне орай Ұлт Көшбасшысы еңбек жолын бастаған «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургия комбинатында ағымдағы жылдың 29 қарашасында облыс әкімі Ә.Құсайыновтың қатысуымен домна газында жұмыс істейтін қазандық іске қосылады», - деп агенттік тілшісіне облыстық әкімшіліктен хабарлады.

Домна газында жұмыс істейтін қазандық 5 бу қазандық кешенінен тұрады. Негізгі отын ретінде бір қазандықта мөлшері 28 мың м3/сағ домна газы пайдаланылады.

Әбілғазы Құсайыновтың қатысуымен металлургтер қаласында «Достық аллеясының» алғашқы кірпіші қаланады.

Соңында Металлургтер мәдениет сарайында Тұңғыш Президент Күніне арналған салтанатты жиналыс өтеді.

Мейрам күні Теміртау қаласында түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылады.

Қарағанды, Теміртау, облыс қалалары мен аудан орталықтарындағы мереке отшашумен аяқталады.