27.11.2012
Қазақмыс қазақстандық кәсіпорындардан сатып алулардың үлесін 98 млрд теңгеге дейін арттырды

2012 жылғы 27 қараша

Қазақмыс қазақстандық кәсіпорындардан сатып алулардың үлесін 98 млрд теңгеге дейін арттырды

2012 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС жергілікті тауар өндірушілермен тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындап, қызметтер көрсетуге 177 млрд.теңге бөлді. Соның ішінде тауарлар сатып алуға 100 млрд.теңге, жұмыстар орындап, қызметтер көрсетуге 77 млрд.теңге жұмсалды. 2012 жылдың 9 айында импорттың үлесі 2011 жылғы сондай кезеңдегі  16,17 пайызбен салыстырғанда, 12,96 пайызға дейін төмендеді. Қазақстандық кәсіпорындардан (СТ-КZ сертификатымен) сатып алу 98,2 млрд. теңгені құрады, ол жалпы сатып алу көлемінің 55 пайызын құрап отыр. Бұл ретте, жұмыстар мен қызметтер санатындағы қазақстандық үлестің көлемі 99 пайыздан асқан. Осы жылы Қазақмыс корпорациясының жалпы сатып алулар көлемі шамамен 235 млрд. теңгеге жетеді деп жоспарлануда.

2011 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақмыс 138,3 млрд. теңге сомасына тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алған болатын. Оның ішінде 68,4 млрд.теңге қазақстандық кәсіпорындардан (СТ-КZ сертификатымен) сатып алу көлемін құраған, бұл жалпы сатып алу көлемінің 49,49 пайызын құрайды.

Қазақмыс қазақстандық кәсіпкерлермен қарыс-қатынастарын қарқынды  дамытып келеді. Компанияның бастамасымен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен шілде айында халықаралық және отандық өндірістік кәсіпорындардың, салалық мемлекеттік ведомстволардың және дамыту институттарының өкілдерінің қатысуымен Астана қаласында «Қазақстандық өнім жасаймыз» атты 3-ші Форум өтті.  Сонымен қатар, Қазақмыстың бастамасымен Балқаш пен Жезқазған қалаларында Кәсіпкерлер мен өнеркәсіпшілердің Қауымдастықтары құрылды. Отандық кәсіпорындардың бәсекелестік қабілеттігін арттыру және халықты жұмыспен қамту көрсеткішін өсіру - басымдық берілген бағыттар болып табылады. Қазіргі уақытта қауымдастықтардың кәсіпкерлер мен өнеркәсіпшілерден тұратын 116 мүшесі бар. 2012 жылдың өзінде қауымдастық мүшелерімен жалпы сомасы 3 млрд.теңгеден асатын 418 келісім-шарт жасалған.

Қазақмыс корпорациясы мен қауымдастықтар арасында орта және шағын бизнесті дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Осы ынтымақтастықтың аясында өндірісті жаңғыртуға азық-түлік өнімдерін шығаратын өндіруші «Баян» ЖШС-не 70 млн.теңге, «Жезқазғансүт» ЖШС-не 10 млн. теңге мөлшерінде қаржылық қолдау көрсетілді. Аутсорсинг шартымен «Гелисханова» ЖК-ге Жезқазған қаласындағы құю-механикалық зауытында конвейерлік роликтерді шығаруға цех ұсынылды, сондай-ақ сапалы өнім шығарып отыру үшін жаңадан станоктар сатып алуға 30 млн.теңге мөлшерінде қаржылық қолдау көрсетілді. Қазақмыс, сонымен қатар, конвейерлік роликтерді сатып алуға «Гелисханова» ЖК-мен ұзақмерзімді келісім-шарт жасады. Ағымды жылы нақты сатып алулар сомасы 200 млн.теңгеден асады. Жұмыс көлемінің артуына байланысты, аталмыш кәсіпорында жаңадан 30-дан астам жұмыс орны ашылды.

«Қазақстандық үлесті арттыру индустриалдық саясатты жүзеге асырудың қазіргі кезеңінде өзекті мәселе болып табылады. Ірі бизнес тарапынан көрсетілетін қолдау ОШБ субъектілеріне өз тауарларының түрлерін көбейтуге, сапасын арттыруға, өндірісті жаңартуға, жаңадан жұмыс орындарын ашып, тауарларын өткізетін жаңа нарықтарды игеруге мүмкіндік береді. Экономикалық өсімнің қарқынын, халықтың жұмыспен қамтылу жағдайын, жалпыұлттық өнімнің құрылымы мен сапалылығын айқындайтын да осы орта және шағын бизнес. Қазақмыс жүйеқұрушы компания болып табылатындықтан біз жергілікті жерлердегі орта және шағын бизнестің дамуына қолымыздан келгенше қолдау көрсетіп келеміз», - деп атап өтті «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-ң Басқарма Төрағасы Эдуард Огай.

Редакторларға арналған ескертпелер

Қазақмыс мыс, алтын, мырыш, күміс, электр энергиясын өндіруде елеулі активтері бар, табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу жөніндегі жетекші халықаралық компания болып табылады.

Қазақмыс Қазақстандағы ең ірі мыс өндіруші әрі 16 кенішке, 10 тау-кен фабрикаларына және екі мыс балқытушы өндірістік кешенге ие болып отырған әлемдегі алда келе жатқан мыс өндіруші болып табылады. Тау-кен өндірісі руда өндіруден бастап мыс катанкасын және катодты мыс түріндегі дайын өнім шығаруға дейін толықтай интеграцияланған. 2011 жылы меншікті рудадан 299 мың тонна катодты теңгерімдегі мыс өндіріліп шығарылды. Бұл өндіріс электр энергиясының ішкі жеткізілімдерімен және ауқымды теміржол инфрақұрылымымен сүйемелденіп тұрады.

Kazakhmys Mining бөлімшесі басқа да металлдардың ауқымды көлемін, соның ішінде мырыш, күміс және алтын өндіріп отыр. 2011 жылы Қазақмыс 140 мың тонна мырыш концентратын өндіріп шығарды. Топ әлемде ең ірі деген он күміс өндірушінің бірі боп табылады.  (2011 жылы 13 млн. унция күміс өндірді).

Kazakhmys Power Қазақстандағы ең ірі электростанциялардың бірі болып табылатын Экібастұз ГРЭС-1 көмір электростанциясының  50%-дық үлесіне ие. Электростанцияда модернизациялау бағдарламасы қолға алынған және соның ішінде қазіргі уақытта өндірістік қуатын 3 000 МВт жеткізуге мүмкіндік беретін алтыншы энергоблок іске қосылайын деп жатыр. Жаңалау бағдарламасы аяқталған соң, ЭГРЭС-1 4 000 МВт. болатын өзінің жобалық қуатына жетеді. Kazakhmys Power бөлімшесінде Kazakhmys Mining бөлімшесін электр энергиясымен қамтамасыз етіп отыратын электр станциялары мен қосалқы көмір кеніштері бар.

Қазақмыс Тобы Лондон қор биржасында және Гонконг қор биржасында айналымға қабілетті FTSE-100 компаниялар тізіміне кіреді; сондай-ақ Қазақстан қор биржасында (KASE) да саудаланып келеді. 2011 жылы Топтың ағымдағы қызметінің кірісі 3,6 млрд. долларды, ал операциялық кірісі 1,2 млрд. долларды құрады. Топта шамамен 60 000 адам жұмыс істейді, басым бөлігі - қазақстандық азаматтар. Қазақмыстың стратегиялық мақсаты – өндірістік активтерді оңтайландыру, өндірісті ұлғайту жөніндегі жобаларды іске асыру және де Орталық Азиядағы ауқымды табиғи ресурстарды игеру мүмкіншіліктерін кеңейтуге қатысу.