19.11.2012
2013 жылы Зырянда металл қалдықтарын өңдейтін фабрика салынады.

2013 жылы Зырянда металл қалдықтарын өңдейтін фабрика салынады. 2013 жылы Зырянда металл қалдықтарын өңдейтін фабрика салынады

Бұл туралы Зырян ауданының әкімі Ермек Сәлімов BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында хабарлады.

«Бүгін біз жер қойнауын пайдаланушыларға минералдық түзілістерді қосымша өңдейтін өндіріс ашуға көмектесіп жатырмыз. Яғни, біз фабрика ашамыз, ол сол техногендік түзілістерді қайта өңдейтін болады. Оның эксперимент ретіндегі нұсқасы дайын, технологиялық регламенті жетілдіріліп жатыр, келесі жылы оны іске қосамыз», - деді Е.Сәлімов.

Әкім атап өткендей, қазір фабриканың технологиялық регламентін экологтармен келісу жұмыстары жүргізілуде.