19.11.2012
Ерейментау ауданында көмір кен орнында жаңа ұсату-байыту фабрикасы іске қосылды

Ерейментау ауданында көмір кен орнында жаңа ұсату-байыту фабрикасы іске қосылды. Ерейментау ауданында «Он Олжа» ЖШС көмір кен орнында жаңа ұсату-байыту фабрикасы іске қосылды. Бұл жөнінде Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады

BNews.kz

«Он Олжа» ЖШС көмір кен орнында фабриканың жаңа желісін ашу атаулы күн – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орайластырылып отыр», - делінген хабарламада.

Өндірістің жаңа желісін салтанатты іске қосу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Эдуард Квятковский, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Светлана Жалмағамбетова, «Парасат» Ұлттық ғылыми-техникалық холдинг» АҚ Басқарма төрағасы Нұралы Бектұрғанов, және басқалары қатысты.

Жаңа ұсату-байыту фабрикасы қала құрылысы кәсіпорындарын индустриаландыруға жасалған тағы бір қадам болып табылады. «Он Олжа» ЖШС-ға тиесілі Сарыадыр көмір разрезі жылдан жылға ашық тәсілмен көмір өндіруді арттырып келеді. Өндірілген көмір Алматылық ЖЭО-1-де сұранысқа ие. Сондай-ақ тапсырыс бойынша үлкен көлемде Ресейге экспортталады. Жаңалықтың басымдығы көп қырлы, күлі көп ысыру жыныстарынан қосымша көмір концентратын алуға себептеседі. Бұнымен қоса, жаңа фабриканың іске қосылуы технологиялық шығындардың төмендеуіне, қндірістің экономикалық тиімділігінің артуына көмектеседі. Өнімнің өзіндік құны төмендейді.

Өндірілген көмірдің әрбір тоннасынан бюджетке қосымша салық төлемдері есептелетіндігі атап айтылады. Жаңа жұмыс орындары құрылады, еңбекке қабілетті халықты өндіріске тарту үшін кең мүмкіндіктер пайда болады.

«Кәсіпорын басшылығы, тұтынушыларға қатты отын жеткізуден басқа, өндірісті техникалық жабдықтаумен айналысады, бұл мақсаттарға қомақты ақша қаражаттарын бөледі», - деп хабарлайды әкімдік.