19.11.2012
Зыряндағы Малеевский кенішінің қоры 2028 жылға дейін жетеді.

Зыряндағы Малеевский кенішінің қоры 2028 жылға дейін жетеді. Зыряндағы Малеевский кенішінің қоры 2028 жылға дейін жетеді

BNews.kz

Бұл туралы Зырян ауданының әкімі Ермек Сәлімов BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында хабарлады.

«Зырян қаласындағы «Казцинк» ЖШС-ның келешегі туралы айтсақ, негізгі тау-кен кәсіпорны барлық бағыттар бойынша 2028 жылға дейін жұмыс істейді, яғни, дабыл қағатын жағдайға жеттік. Қазір біздің басты міндетіміз кәсіпорын геологиялық барлаумен айналысу үшін барлық шараларды қабылдауымыз керек. Әйтпесе, соңғы 20 жылдың ішінде КСРО кезінен бастап ешкім кен орындарын барлаумен айналысқан жоқ, ал бұл өте күрделі жұмыс», - деді Е. Сәлімов.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде «Казцинк» әзірлеме жұмыстарымен өзі айналысып жатыр, «сонымен қатар «Елдің минералдық-шикізат кешенін дамыту» бағдарламасына біздің Зырян аумағында іске асырылатын ұсыныстарымыз енгізілді, оған бюджеттен 2 млрд теңгеге дейін қаржы бөлінуі мүмкін», - дейді ол.

Екінші міндет – бүгінгі шағын және орта бизнесті кәсіпорындардың қажеттілігіне орай жұмыс істету.

«Желтоқсанның ортасында «Казцинк» базасында республикалық форум өтеді және біз олар қандай да бір қызметтерді – орман, қыш, цементті пайдалану үшін келісім жасаймыз, мұның бәрі бизнестің жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Қалғанының бәрі - бизнес-инкубатор құру, кәсіпкерлікті дамыту өз ретімен жүре береді, біз осы жоспармен жұмыс істейміз», - деп атап өтті әкім.