16.11.2012
ШҚО-да жылдың соңына дейін Индустрияландыру картасы бойынша 4 жоба іске асады

ШҚО-да жылдың соңына дейін Индустрияландыру картасы бойынша 4 жоба іске асады

BNews.kz

ШҚО-да жылдың соңына дейін Қазақстанның индустрияландыру картасы бойынша 4 жоба іске асады. Жалпы облыс бойынша Карта аясында жалпы 611,9 млрд теңге сомасына 39 инвестициялық жоба іске асады. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы хабарлады.

«Ағымдағы жылдың соңына дейін 4 жоба іске асады: «Қазақцемент» ЖШС, «құрғақ әдіс» бойынша цемент зауытын салу, «Шығысмашзауыт» АҚ болат вагон құйма өндірісінде № 10 шойын қорытатын цехты қайта құру, «Теньши» ЖШС, сөндірілген әк өндіру, «СемейҚұс» ЖШС профилін жұмыртқа өндірісінен құс еті өндірісіне өзгерту», - деді Шәкәрім Бұқтұғұтов.

«2012 жылы құны 40,8 млрд теңгені құрайтын 7 жоба іске асады. Бұрын Индустрияландыру картасы бойынша енгізілген насындарды есептегенде өнім шығару көлемі 281,2 млрд теңгені құрайды. Бұнымен қатар, 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады, болжам бойынша еңбек өнімділігі 15,3 млрд теңгеге жетеді», - деп атап өтті ол.