14.11.2012
Ақтөбеде жаңа индустриалды аймақтың құрылысы басталмақ. Ол – өңірге сырттан келетін инвесторлар үшін қолайлы

Ақтөбеде жаңа индустриалды аймақтың құрылысы басталмақ. Ол – өңірге сырттан келетін инвесторлар үшін қолайлы

 

Хабар

Ақтөбе облысында тау-кен,металлургия мен мұнай-газ, агроөндіріс және құрылыс индустриясы саласына тартылған инвестиция ауқымы жыл сайын артып отыр.

Биыл 10 айда 316 млрд тенгеден астам инвестиция тартылған. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 7,4 пайызға артық. 2012 жылғы 10 айда Ақтөбедегі өндірістік өнім ауқымы 1 трн78 млрд тенгеден асып жығылады.Жаңа жұмыс орындарының да саны артты. Жалпы, Ақтөбе облысы – шетелдік инвесторлар үшін ең қолайлы өңірлердің бірі болып қала бермек. Бұл жер – халықаралық көлік қатынасына да ыңғайлы.Сондықтан, соңғы кездері іргелес елдердің өнімдеріне бәсекелес бола алатын тағам өнімдері де шығарыла бастаған.Қараша айының соңында Ақтөбеде жаңа индустриалды аймақтың жобасы нақты бекітіледі. Құрылыс алдағы жылы басталмақ. Бұл жерде – үй құрылысы комбинаты,әйнек зауыты т.б. ірі жаңа кәсіпорындар шоғырланатын болады,-дейді кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментіндегілер.

Бағжан ТІЛЕГЕНОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНДІРІС БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
-Жер телімі қазір бөлінді. 200 гектардай. Және де техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді. Бұл индустриалды аймақта бізде қазір жоспар 15 жаңа өндірістік кәсіпорын орналастыру жоспарлануда.