09.11.2012
ЖЕЗҚАЗҒАННЫҢ ЖЫЛУЭНЕРГООРТАЛЫҒЫНА 60 ЖЫЛ ТОЛДЫ

ЖЕЗҚАЗҒАННЫҢ ЖЫЛУЭНЕРГООРТАЛЫҒЫНА 60 ЖЫЛ ТОЛДЫ

2012 жылғы 8 қараша

 

Жезқазғанның ЖЭО ұжымы кәсіпорынның 60 жылдығын тойлауда. Станция ондаған жылдар бойы Жезқазған халқы мен өндірістік кәсіпорындарын электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етіп келеді. Станция жыл сайын орта есеппен 1 млрд кВт сағаттан астам электр энергиясын, бу және ыстық су күйіндегі 1 млн Гкал-дан астам жылу энергиясын өндіріп шығарады. Биыл қызметкерлердің еңбекақысы біршама өсті. Станцияда 700-ден астам адам жұмыс істейді. Мерейтой аясында кәсіпорында спорт жарыстары мен мерекелік жиналыс, концерт өткізілді.

2012 жылы ЖЖЭО жаңартуға және станция жабдықтарын түбегейлі жөндеуге Қазақмыс тобы 3,61 млрд теңге шамасында инвестиция салды. Бұған қоса ағымдағы жөндеу жұмыстарына 1 млрд 600 млн теңге бөлінді. Станцияда 4 қазандық агрегаты және 4 турбоагрегаты жұмыс істеп тұр, тағы соншасы резервте, ал біреуі жөндеуде. Үш айға шақталған көмір қоры бар, яғни шамамен 300 мың тонна, әрі мазуттың болжамды 2 мың тонна қоры бар.

Үстіміздегі жылы жылуэнергоорталығында жаңадан СТ №4 турбоагрегатына тапсырыс беру үшін қаржыландыруға қол жеткізілді. Жаңа турбина Калуга турбина зауытында жасалуда. 2015 жылға дейінгі кезеңге ЖЭО одан әрі дамыту жоспарлары жасалды.  Сөйтіп, станцияның қуаттылығы 207 МВт-тан 220 МВт-қа дейін өседі деп күтілуде. Тұтынушыларға жылу беруді жақсарту жөнінде бірқатар іс-шаралар әзірленді, соның ішінде 2013 жылдың соңына дейін аяқталатын су-химия режиміндегі кешеннің капиталдық жөндеуі де көзделіп отыр. Осының барлығы энергетикалық кәсіпорынның үнемділігін және де жұмыс сенімділігінің көрсеткішін арттыра түспек.

Жезқазған ЖЭО директоры Дулат Сыздықов былай дейді: “Осы мерейтойлық жылу беру маусымына Жезқазғанның ЖЭО станциясы техникалық жағынан зор дайындықпен аяқ басып отыр. Инвестициялық жоспарда көзделген жоспарлы іс-шаралардың барлығы орындалып жатыр. Қазандық, турбиналық және химиялық цех секілді негізгі цехтардың ғимараттары мен құрылыс нысандары қыс маусымына даяр. Келешекте станцияның өнімділігін өсіру мақсатымен турбиналарды айырбастау көзделіп отыр. Жылу беру маусымын тиісті дәрежеде атқарып өтетінімізге сенімдімін”.

Редакторларға арналған ескертпелер

Қазақмыс мыс, алтын, мырыш, күміс, электр энергиясын өндіруде елеулі активтері бар, табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу жөніндегі жетекші халықаралық компания болып табылады.

Қазақмыс Қазақстандағы ең ірі мыс өндіруші әрі 16 кенішке, 10 тау-кен фабрикаларына және екі мыс балқытушы өндірістік кешенге ие болып отырған әлемдегі алда келе жатқан мыс өндіруші болып табылады. Тау-кен өндірісі руда өндіруден бастап мыс катанкасын және катодты мыс түріндегі дайын өнім шығаруға дейін толықтай интеграцияланған. 2011 жылы меншікті рудадан 299 мың тонна катодты теңгерімдегі мыс өндіріліп шығарылды. Бұл өндіріс электр энергиясының ішкі жеткізілімдерімен және ауқымды теміржол инфрақұрылымымен сүйемелденіп тұрады.

Kazakhmys Mining бөлімшесі басқа да металлдардың ауқымды көлемін, соның ішінде мырыш, күміс және алтын өндіріп отыр. 2011 жылы Қазақмыс 140 мың тонна мырыш концентратын өндіріп шығарды. Топ әлемде ең ірі деген он күміс өндірушінің бірі боп табылады.  (2011 жылы 13 млн. унция күміс өндірді).

Kazakhmys Power Қазақстандағы ең ірі электростанциялардың бірі болып табылатын Экібастұз ГРЭС-1 көмір электростанциясының  50%-дық үлесіне ие. Электростанцияда модернизациялау бағдарламасы қолға алынған және соның ішінде қазіргі уақытта өндірістік қуатын 3 000 МВт жеткізуге мүмкіндік беретін алтыншы энергоблок іске қосылайын деп жатыр. Жаңалау бағдарламасы аяқталған соң, ЭГРЭС-1 4 000 МВт. болатын өзінің жобалық қуатына жетеді. Kazakhmys Power бөлімшесінде Kazakhmys Mining бөлімшесін электр энергиясымен қамтамасыз етіп отыратын электр станциялары мен қосалқы көмір кеніштері бар.

Қазақмыс Тобы Лондон қор биржасында және Гонконг қор биржасында айналымға қабілетті FTSE-100 компаниялар тізіміне кіреді; сондай-ақ Қазақстан қор биржасында (KASE) да саудаланып келеді. 2011 жылы Топтың ағымдағы қызметінің кірісі 3,6 млрд. долларды, ал операциялық кірісі 1,2 млрд. долларды құрады. Топта шамамен 60 000 адам жұмыс істейді, яғни басым көпшілігі қазақстандық азаматтар. Қазақмыстың стратегиялық мақсаты – өндірістік активтерді оңтайландыру, өндірісті ұлғайту жөніндегі жобаларды іске асыру және де Орталық Азиядағы ауқымды табиғи ресурстарды игеру мүмкіншіліктерін кеңейтуге қатысу.