08.11.2012
Алматыда Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да әлемдік жетекші компаниялардың қатысуымен халықаралық семинар-кеңес өтті

Алматыда Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да әлемдік жетекші компаниялардың қатысуымен халықаралық семинар-кеңес өтті

ҚазАқпарат

Бүгін Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да шетелдің жұмыс берушілері әлемнің жетекші компаниялары - Siemens, HP, IBM, Schneider Electric өкілдерінің қатысуымен халықаралық семинар-кеңес өтті.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ғылыми форум жұмысына Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов қатысты. Ведомоство басшысы еліміздің жетекші ұлттық техникалық жоғары оқу орнының ғылыми-зерттеу және оқу орталықтары ұсынған инновациялық жобалар көрмесін аралады.

Елбасы Назарбаев Университетінде оқыған өзінің интерактивтік дәрісінде «білім-ғылым-инновация» атты үш тұғып үстемдік құатын постиндустриалдық әлемге қарай ілгері басу маңыздылығын атап өтіп, білім беру мен ғылым жүйесі алдына нақты міндеттер қойды.

Екі жылдан астам мерзімде Білім және ғылым министрлігі білім беру мен ғылым жүйесін жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізді. «Ғылым туралы», «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы жаңа заңдар қабылданды, «Білім туралы» заңға өзгерістер енгізіліп, 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.

Министр қазіргі кезде отандық ғылым мен білім алдында еліміздің индустриалдық-инновациялық дамуының қажеттілігіне сәйкес келетін кадрлармен қамтамасыз ету міндеті тұрғандығын атап өтті.

Елбасы Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру туралы мақаласында жоғары оқу орындары мен колледждердің тәуелсіздік біліктілігін растау жүйесін жандандыруды тапсырды. Осыған байланысты Ұлттық біліктілік жүйесі (ҰБЖ) енгізілуде. Бұл - оқу орындары мен жұмыс берушілердің өзара байланысындағы революциялық қадам.

Министр мұнай-газ, тау кен ісі-металлургиялық және туристік салада 2015 жылға дейін тәуелсіз сертификаттау орталықтары құрылатындығын атап өтті.

Екінші маңызды міндет - білім, ғылым және өндірісті интеграциялауды қамтамасыз ету. Интеллектуалды меншік және технология өнімдерін коммерцияландыру үшін жағдайлар жасау.

ЖОО жанынан инновациялық құрылымдар (бизнес-инкубаторлар, технопарктер, ғылыми жобалар және технологияларды коммерцияландыру орталықтарын) құру ғылыми зерттеулер жүргізу үшін негіз болады.

Еліміздің жетекші техникалық жоғары оқу орнында әлемнің жетекші компанияларымен тығыз қарым-қатынас нәтижесінде бірегей ғылыми-ағартушылық орталықтардың инфрақұрылымы құрылған. Министрге  Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ жанынан жетекші шетел әріптестерімен ашылған «ҚАЗҰТУ-SCHNEIDER ELECTRIC» Қазақстан-Француз электротехника орталығы», «ҚАЗҰТУ-SIEMENS» қазақстандық-германдық ғылыми-зерттеу және автоматтандыру жүйелерінің оқу орталығы, «ҚАЗҰТУ-IBM», «ҚАЗҰТУ-APPLE» ғылым-ағартушылық орталықтары,  «ҚАЗҰТУ-HONEYWELL (АҚШ) кафедрааралық ғылыми зерттеу оқу орталығы, «КАЗНТУ-LEICA» ғылыми-зерттеу зертханасы, «ҚАЗҰТУ-YOKOGAWA» және «ҚАЗҰТУ-ФЕСТА» ғылыми-ағартушылық орталықтары таныстырылды.

«Әлемнің ірі компаниялары, мысалы «Дженерал Электрик» қазақстандық нарыққа кіруге қызығушылық білдіріп отыр. Егер олар нарыққа өздерінің құрал-жабдықтарымен кіргісі келсе, құрал-жабдықтарды кім жөндеп, қызмет көрсетеді? Сондықтан, олар біздің студенттерді дайындау үдерісіне қатыспаса, олардың құрал-жабдықтарын ешкім жөндеп, қызмет көрсетпейді», - деп есептейді Б. Жұмағұлов.