07.11.2012
ҮИИДМБ Қазақстан мен Испания арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға негіз болады – вице-министр

ҮИИДМБ Қазақстан мен Испания арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға негіз болады – вице-министр

 

BNews.kz

Қазақстан мен Испания арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы негіз болуы тиіс. Бұл туралы бүгін Қазақстан-Испания Іскерлік кеңесінің 2-ші отырысы барысында ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Қазақстан мен Испания арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға Үдемелі идустриалдық инновациялық мемлекеттік бағдарламасы негіз бола алады. Ол Қазақстан өнеркәсібінің 20 басым бағыты бойынша елдің ұзақ мерзімді дамуын анықтайды. Аталмыш бағдарламаның арқасында ел бойынша жалпы құны 64 млрд доллардан астам 610 жоба жүзеге асырылуда. 400 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылып, 106 жаңа өндіріс игерілді», - деді Б.Жақсалиев.

Сонымен қатар, ол бәсекеге қабілетті 12 басым бағытты дамытуға ниетті екенін атап өтті. Олардың бірі металлургия саласы. Оның аясында қара, түсті және сирек тараған металлургия салалары дамытылатын болады.

«Осылайша, болат өндірісін жылына 6 млн тоннаға дейін, бастапқы аллюминийді 125 мың тоннаға, понталды 300 млн тоннаға, ал барийді 2 мың тоннаға дейін жеткізу көзделген. Сонымен қатар, химия саласын дамыту да жоспарда бар. Біз 2014 жылы полиэтилен өндірісін жылына 800 мың тоннаға дейін, полипопиленді 500 мың тоннаға, азот-фосфор тыңайтқыштарын жылына кем дегенде 1 млн тоннаға жеткізуге ниеттіміз. Бұл сандар өте маңызды және Қазақстанның қажеттілігін өтеп қана қоймай, экспорттық мүмкіндіктердің артуына үлес қосады», - деді Жақсалиев.

Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі болашақта дамыту қажет 3 басым бағытқа тоқталып өтті.

«Құрылыс индустриясы. Біздің алдымызда табақ шыныны, шыны пакеттерді, қаптауыш плиткалар мен базальт талшықтары өнімдері өндірісін дамыту міндеті тұр. Біз испандық бизнесмендер тарапынан біздің индустрияны дамытуға үлесін қосатын нақты ұсыныстар келіп түседі деген үміттеміз», - деп толықтырды ол.

ИЖТМ машина жасау саласында тракторлар, астық жинайтын комбайндар, жолаушылармен жүк тасымалдайтын вагондар, жеңіл және коммерциялық автокөліктер өндірісін дамытуды көздеп отыр.

«Өнеркәсіптік жалпы өндіріс көлемінде машина жасау кешенінің үлесі 41%-ды құрайды. Қазақстандағы құрал-жабдықтардың тозуы негізгі мәселелер қатарында тұр. Машина жасау кешені мен басқа өнеркәсіптік бағыттардағы оның көрсеткіші 43,80% шамасында», - деп атап өтті ол.

Агроөнеркәсіптік кешенге келетін болсақ, бұл ретте біз мал шаруашылығы, балық және құс шаруашылығы кластері, сонымен қатар астық кешені салаларын дамытуды жоспарлап қойдық. Бұл сектордағы импорт көлемі ет, сүт және жеміс пен көкөніс өнімі нарығының ішкі сыйымдылығының 50%-90%-ына дейін жетеді. ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін арттыру бағдарламасына сәйкес 2016 ет экспортының көлемін 60 мың тоннаға дейін, ал 2020 жылы 180 мың тоннаға жеткізу мақсатын қойып отырмыз», - деді Жақсалиев.

Диана Құлмағанбетов