27.10.2012
Қарағанды облысында Индустриаландыру картасында жоспарланған 9 жобаның 3-і іске қосылды

Қарағанды облысында Индустриаландыру картасында жоспарланған 9 жобаның 3-і іске қосылды

 

Источник: BNews.kz

Қарағанды облысында Индустриаландыру картасында жоспарланған 9 жобаның 3-і іске қосылды. Бұл туралы  облысы әкімі Әбілғазы Құсайынов ағымдағы жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған жиында мәлімдеді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

«Бүгінгі күні ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде Индустриаландыру картасына енгізу үшін тағы 18 инвестициялық жоба қаралып жатыр», деді аймақ басшысы.

Ауыл шаруашылығында егістік алқаптарынан алынған астық орташа есеппен алғанда гектарына 7,3 центнерден айналып, 460 мың тонна бидай бастырылды. Келесі жылғы егістік науқанына 75,4 мың тонна астық тұқымы жинақталды.Мал шаруашылығында мал мен құс басы көбейіп, өнімнің негізгі түрлерінің көлемі артты.

«Бизнестің Жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 18,5 млрд. теңгеге 94 жоба мақұлданды. Бұл 7 мыңнан аса жұмыс орнын сақтап, жаңадан 2 мыңға тарта жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.

234,2 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, өткен жылғы деңгейге қарағанда 102,4% құрады.

Бюджетке түсетін түсім көлемінің оң динамикасы сақталып, кіріс жоспары 105,2% орындалды. .

Емдеу-профилактикалық мекемелердің материалдық-техникалық базасы нығайтылып, халықты жұмыспен қамту жұмыстары жүргізілді.

Дегенмен өнеркәсіптің бірқатар салаларында, оның ішінде металлургия, фармацевтикалық және химия салаларындаөндіріс көлемінің төмендеуіне жол берілді деп атап өтті баяндамашы. Бірқатар аудандарда өнеркәсіпке салынатын инвестиция көлемі төмендеп, ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсімі қамтамасыз етілмеген.

Жиында кейбір қалалар мен аудандар әкімдерінің жіберілген кемшіліктерді жою бойынша атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.

Әбілғазы Құсайынов өңір әкімдерінің алдына бірқатар міндеттер қойды, оның ішінде жылыту маусымын тұрақты өткізу, азық-түліктің әлеуметтік маңызды түрлеріне бағаның негізсіз өсіміне жол бермеу сынды нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру, бюджет қаражатын уақытында игеру, өнеркәсіптік өнім өндірісі жоспарын 2011 жылғы деңгейден түсірмеу, сондай-ақ Индустриаландыру картасына енгізу үшін жобаларды іздестіруге қатысты міндеттер қойылды.