25.10.2012
Қазақмыс Анненск шахтасының 81-ші учаскесіндегі жұмыстарды уақытша тоқтатты

Қазақмыс Анненск шахтасының 81-ші учаскесіндегі жұмыстарды уақытша тоқтатты

2012 жылғы 24 қазан

 

Шығыс-Қазақстан кенішіндегі  «Аннеская» шахтасының 81-ші өндіру учаскесінде жүргізілген тиісті тексерулердің барысында (радарлы интерферометрия) Аннеск ауданының өндіріс кеңістігінде жердің жоғарғы қабатының қозғалысы анықталған.

Осыған байланысты «Жезқазғантүстімет» басшылығы аталмыш учаскеде өндіру және жер асты жұмыстарын жүргізуге тыйым салды. Жердің жоғарғы қабатының қозғалысы осындай ықтимал қозғалысты бақылауға арналған тұрақты түрде жұмыс істейтін жерсеріктік жүйенің көмегімен анықталған.

Бұл уческедегі жұмыстар сол аудандағы геомеханикалық жағдай тұрақталғаннан кейін ғана қайта жанданады.

«Аталмыш ауданда қалыптасқан  геомеханикалық ахуалға байланысты жоғарыда сөз болған учаскеде тау-кен жұмыстарын жүргізуді және кеншілердің жұмысын уақытша тоқтату жөніндегі шешім қабылданды. Біз үшін бастысы – ықтимал қауіптің алдын алу, кеншілеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 81-ші учаскеде барлығы 50 адам жұмыс істейді. Қазіргі таңда олардың барлығы «Жезқазғантүстімет» ӨБ-нің Степной және Батыс-Жезқазған кеніштеріне ауыстырылды. Олардың лауазымында, еңбек өтілінде және жалақы мөлшерінде еш өзгеріс болмайды», - деп атап өтті Шығыс-Жезқазған кенішінің директоры Серік Айтмұханов.