25.10.2012
Қазақмыс Тобының 2012 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталған үшінші тоқсандағы өндірістік есебі мен менеджментінің аралық есебі

Қазақмыс Тобының 2012 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталған үшінші тоқсандағы өндірістік есебі мен менеджментінің аралық есебі

25 қазан 2012 ж.

 

Өндіріс көлемі 285 тоннадан 295 тоннаға дейінгі мөлшерде катодты мыс өндірісінің жоспарлы жылдық көрсеткішіне қол жеткізуге мүмкіндік береді

  • 2012 жылдың үшінші тоқсанында меншікті концентраттан катодты мыс өндірісі 12 пайызға артып, 2012 жылдың 2 тоқсанындағы көрсеткішпен салыстырғанда 78,5 мың тоннаға дейін өсті. Меншікті концентраттан катодты мыс өндірісті 2012 жылдың 9 айы ішінде 213,1 мың тоннаны құрады.
  • Өндіріліп шығарылған кеннен руданы және металды өндіру көлемі 2011 жылдың көрсеткіштерінен артуы жалғасып келеді
  • Қоңырат кенішін пайдалануға беру ісі сәтті аяқталды

Қосарлы өнімдер өндірісінің көлемі барлық металдар бойынша жылдық жоспарлы көрсеткішке қол жеткізуге мүмкіндік беретін деңгейде сақталып отыр

  • 2012 жылдың 9 айы ішінде концентраттағы мырыш өндірісі 112 мың тоннаны құрады
  • Қымбат металдар зауытындағы жөндеу жұмыстарының аяқталуы арқасында күміс пен алтын өндірісі қалпына келіп, 2012 жылдың 9 айы ішінде тиісінше 9 004 және 89,9 мың унцияны құрады

Kazakhmys Power бөлімшесінің жоғарғы көрсеткіштері

  • Екібастұздың ГРЭС-1 станциясында электр энергиясының таза өндірілімі 2012 жылдың 2 тоқсанымен салыстырғанда 3 тоқсанында 8 пайызға өсті. Бұл ішкі нарықтағы үнемі артып келе жатқан сұраныстардың есебінен, 2012 жылдың 2 тоқсанында операциялық блоктарға техникалық қызмет көрсету жұмыстарының аяқталуы нәтижесінде мүмкін болды.
  • Алтыншы энергоблокты іске қосу жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде және жыл соңында аяқталып, электр станциясының қуаттылығын 20 пайызға, яғни 3 000 МВт-қа дейін артады.

Топ өзінің мықты қаржылық деңгейін сақтап отыр

  • 2012 жылдың үшінші тоқсанында тауар-материалдық қорлардың қысқаруынан сату көлемі өсті
  • Операциялық іс-қызметтен түскен қаржы ағыны таза берешек деңгейіне оң әсер етті. Таза берешек мөлшері 2012 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 462 млн АҚШ долларын құрайды.

Басқарушы бас директор Олег Новачук былай деп түсінік берді: “Өндіріс көлемі өсіп келеді және ол біз жыл басында межелеген жылдық жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін деңгейде тұрақталды. Энергетикалық бөлімшеміз еліміздің ішкі энергетикалық нарығындағы тұрақты сұраныстың арқасында өндіру мөлшерін ұлғайта отырып, жоғары көрсеткіштер көрсетіп келеді.  Мыс өндірісінің нәтижесі тәуір және өндірісті ұлғайту жөніндегі  жобаларымызды жүзеге асыру жұмысы табысты жалғасын табуда. Біз жыл соңында өз қызметіміздің нәтижесін ұсынуға әзірміз.”