18.10.2012
Елбасы «Арселор Митталдың» басшысына кәсіпорындарда еңбек жағдайын жақсартуды ұсынды

Елбасы «Арселор Митталдың» басшысына кәсіпорындарда еңбек жағдайын жақсартуды ұсынды

Қазақстан жаңалықтары АА

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "АрселорМиттал" компаниясының басқарма төрағасы және бас директоры Лакшми Митталға басшысына кәсіпорындарда еңбек жағдайын жақсартуды ұсынды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысы кездесудің қорытындысы бойынша компанияның құрамына кіретін кәсіпорындарда еңбек шартын жетілдіру және әлеуметтік жауапкершілікті күшейту қажеттігіне назар аударды», делінген хабарламада.

Өз кезегінде Л.Миттал Нұрсұлтан Назарбаевты компанияның ағымдағы қызметіндегі басымдықтары мен таяу кезеңге арналған инвестициялық жоспары туралы хабардар етті.