29.08.2012
Павлодардағы «KSP Steel» ЖШС-дегі арматуралық-сым орнағында іске қосу-реттеу жұмыстары басталды

Павлодардағы «KSP Steel» ЖШС-дегі арматуралық-сым орнағында іске қосу-реттеу жұмыстары басталды

ҚазАқпарат

Мұнай және газ саласы үшін тігіссіз болат құбырларды шығаратын «KSP Steel» ЖШС-нің павлодарлық филиалының металлургиялық өндірісінде жаңа өнімнің шығару игерілуде.

Мұнда қуаты жылына 420 тонна болатын арматуралық-сым орнағының құрылысы аяқталды, деп хабарлады ЖШС-нің бас директоры Эдуард Креймер.

«Қазір орнақта іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде, сынамалы партиялар өткізілуде, қазан айында арматураны өндірістік шығар негізде шығаруға кірісеміз. Бұл өнім «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша құрылысы жүріп жатқан Қазақстанда ерекше  сұранысқа ие болып отыр,  арматураға деген қажеттілік өсуде. Сонымен қатар елдің сыртындағы нарыққа да шығарылады», - деп атап өтті Э. Креймер.