28.08.2012
Павлодар облысындағы «Шығыс» разрезінде роторлық экскаватор жаңғыртылды

Павлодар облысындағы «Шығыс» разрезінде роторлық экскаватор жаңғыртылды

ҚазАқпарат

«Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ-на тиесілі «Шығыс» разрезінде SRs(K)-2000 роторлық экскаватордың жаңғыртылуы аяқталды, деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.

Компания тас көмір өндіру мен оны қоймаларға тасымалдау үшін конвейерлерге арту мақсатында көліктің жаңғыртылу жобасына 27 млн. доллар инвестициялады.

«Оның қуаттылығын өлшем бойынша тұспалдауға болады. Көліктің биіктігі 42 метр, ұзындығы 80 метр, өнімділігі сағатына 4,5 мың тонна көмірді құрайды», - деді күрделі жөндеу бөлім жобасының жетекшісі Виталий Болгов.

Экскаваторда жаңа агрегаттар орнатылып, электр жабдықтары қайта жаңғыртылып, басқару жүйесі алмастырылды. Экипаж үшін де басқару кабиналары ыңғайлы етіп жасалды.

Аталмыш экскаватордың жаңғыртылуын шетелдік және қазақстандық мамандар іске асырды.